1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 196 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 тамыздағы N 825 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 29, 383-құжат):
1-тармақта "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 21-56-жолда "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 217-6-жолда "Қызмет" деген сөз "Қызмет-Сервис А" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия