1. Мыналар:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 25.05.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Техника қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1154
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жою және өнеркәсiптегi еңбек қауiпсiздiгiнiң мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай ғылыми-зерттеу жүйесiн құру әрi тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Қазақ мемлекеттiк тау-кен өнеркәсiбiнде жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
2) "Шымкент химиялық технология және өнеркәсiптiк экология ғылыми-зерттеу институтының жанындағы республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi техникалық қауiпсiздiк ғылыми-зерттеу орталығы" мемлекеттiк мекемесi қайта құру жолымен "Республикалық химиялық, мұнай-химиялық, мұнай өңдеу, микробиологиялық, химия-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбiндегi қауiпсiздiк проблемалары жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып;
3) Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының Тау-құтқару ғылыми-инженерлiк орталығы" мемлекеттiк кәсiпорны қайта құру жолымен "Қазақстан Республикасының Тау-құтқару ғылыми-инженерлiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан эрi - Кәсiпорын) болып;
Полная версия