Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 Қаулысы
Редакция 27.08.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн одан әрi арттыруға бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) Даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi; 
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748, 12.11.2008. № 1048 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748 қаулысымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспаған, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 15 қарашадағы
 N 1201 қаулысымен
 бекiтiлген
Даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748, 12.11.2008. № 1048 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестіктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) даму институттарын, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлігі шектеулi серiктестiктердiң) (бұдан әрi - кәсiпорындар) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбi мен қағидаттарын айқындайды және 2006-2008 жылдарға арналған жоспарларды әзiрлеуден бастап, орта мерзiмдi жоспарлау мақсаттары үшiн қолданылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.07.2005. № 748, 12.11.2008. № 1048 Қаулыларымен. (15.11.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Ереженiң мақсаты инвестициялық шешiмдердi, оның iшiнде осы процесті тәртiпке келтiру кезiнде кәсiпорындарды мемлекеттік басқарудың (басқаруға қатысудың) тиiмдiлiгін арттыру болып табылады. 
3. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары қабылданған стратегиялық жоспарларды, мемлекеттiк, салалық өңiрлiк бағдарламаларды iске асыруға бағытталған және мемлекеттік активтердi басқару саласындағы мемлекеттік саясатқа сай келуi тиiс. 
4. Инвестициялық бағдарлама кәсiпорынның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарының, шаруашылық қызмет жоспарының) тиiсті бөлiмi болып табылады. Инвестициялық бағдарлама үш бөлiмшеден тұрады - "Инвестициялық ахуалды бағалау", "Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар" және "Инвестициялық жоспар". 
5. Инвестициялық ахуалды бағалау осы саладағы (аядағы) ахуалды талдауды, кәсiпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыруға негiзделетiн кәсiпорынның ондағы рөлi мен ұстанымын көздейдi. 
Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi үш деңгейлi талдау негiзiнде қалыптастырылады, олар: 
республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) саласындағы (аясындағы) инвестициялық ахуалды талдау - 1-деңгей; 
кәсiпорын қызметінiң мүддесiне, ерекшелігіне, мақсаттары мен мiндеттерiне қолданылатын 1-деңгей нәтижелерiн талдау - 2-деңгей; 
инвестиция түрлерiн, инвестициялық ниет жобаларының құнын, қол жетiмдi жобалар спектрiн, инвестициялауға болатын болжалды қаржыландыру көздерiн, инвестициялық ниеттердi iске асыру болжамы мен сипаттамасын, сондай-ақ жоспарланып отырған инвестициялық шешiмдердi қабылдауға байланысты тәуекелдi айқындауды қамтитын кәсiпорынның әлеуеттi мүмкiндiгiне қолданылатын 2-деңгейдiң нәтижелерiн талдау. 
Әрбiр деңгей бойынша талдау нәтижелерi дәл белгiленген әрi нақты тұжырымдар түрiнде түйiнделедi. 
6. Инвестициялық басымдықтар мен бағыттар мазмұны жағынан инвестициялық ниеттердiң инвестициялық жобаларын кейiннен келесi жылы инвестициялық жоспарға қосу үшiн оларды одан әрi жан-жақты, егжей-тегжейлi зерделеудiң және негіздеудiң орындылығын алдын ала қағидатты түрде бағалау кезеңiн бiлдiредi. 
Инвестициялық бағдарламаның осы бөлiмшесi инвестициялық ахуалды бағалаудың нәтижелерi негізiнде әзiрленедi және кәсiпорынның инвестициялық саясатының негiзгі басымдықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ кәсiпорынның инвестициялық ниеттерiн көрсететiн белгiленген инвестициялық жобалар кешенiн қамтиды. 
Инвестициялық ниеттер алдын ала есептеулер мен негiздемелердi, қаржыландыру көздерi мен схемаларын, өтелу мерзiмiн, сондай-ақ инвестициялық ниеттердi өзгеше сүйемелдеудi қамтиды. 
7. Кәсiпорынның - табиғи монополия субъектiсiнiң инвестициялық басымдықтары мен бағыттарына қосылған жобалар iске асыру кезеңiнде олардың тарифтерге (бағаларға, алым ставкаларына) әсер ету мүмкiндігін алдын ала бағалау тұрғысында табиғи монополияларды реттеу жөнiндегі уәкiлеттi органмен келiсiлуi тиiс. Бұл ретте инвестициялық бағыттардың жобаларын алдын ала келiсу (жобаларды инвестициялық жоспарға қосқанға дейiн) оларды мiндеттi түрде iске асырудың шарты болып табылмайды. 
8. Инвестициялық жоспар алдыңғы жылғы инвестициялық бағдарламаның инвестициялық басымдықтары мен бағыттарында қаралған кезде бұрын мақұлданған инвестициялық жобалардың тiзбесi мен паспорттарын бiлдiредi. 
Инвестициялық жоспарға қосылған жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесi, сараптамалық қорытындысы, салалық қорытындысы, нақты қаржыландыру көздерi және оларды iске асыру жөнiндегi басқа да тiркелген өлшемдерi болуы тиiс. 
Инвестициялық жоспарға қосылған әрбiр инвестициялық жобаның паспортында жинақталған нысанда инвестициялық жобаның негiзгi өлшемдерi, сондай-ақ нақты (өлшенетiн) көрсеткiштер көрсетiледi. Атап айтқанда, инвестициялық жоба туралы жалпы ақпарат, оның сипаттамасы, жобаны басқару схемасы, инвестицияларды пайдалану бағыты, өнiмнiң (қызметтердiң), өткiзу рыногының сипаттамасы, жобаны пысықтау дәрежесi, қаржы-экономикалық көрсеткiштерi, қайтару кепiлдiктерi және тәуекелдер, жобаның бюджеттiк және әлеуметтiк тиiмділігi көрсетiледi. 
Паспорттың нысаны мен көрсеткiштерiнiң құрылымдалған тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын даму жоспарлары (қаржы-шаруашылық қызметiнiң, шаруашылық қызметiнiң жоспарлары) бөлiмдерiнiң құрылымы, нысандары және көрсеткiштерi тiзбесi шеңберiнде бекітiледi.
Жоғарыда көрсетiлген талаптармен қатар жобаларды мiндеттi түрде iске асыру оларды инвестициялық жоспарға қосудың айқындаушы шарты болып табылады. 
9. Кәсіпорындардың даму жоспарларының (қаржы-шаруашылық қызметi жоспарларының, шаруашылық қызметi жоспарларының) бөлiмдерi бола отырып, инвестициялық бағдарламалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде және тәртiппен әзiрленедi. 
10. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламалары Қазақстан Республикасының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн ақпарат көзі және активтердi басқару саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру үшін негiз болып табылады.  
Iске асырылуы жоспарланып отырған кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бекiтiлген және әзiрленетiн республикалық және өңiрлiк орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларымен үйлестiру мақсатында олардың тиiмдiлігі және орта мерзiмдi жоспарлау шеңберiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк саясатпен келiсiлуi тұрғысында кешендi бағалау жүзеге асырылады. 
11. Бекiтiлген республикалық және өңiрлiк әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарлары кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын тиiсiнше түзету үшiн (соңғыларында орта мерзiмдi жоспарлау шеңберiнде жүзеге асырылатын мемлекеттiк саясатқа қағидатты қарама-қайшылықтар табылған кезде) негiз болып табылады. 
Бұл мақсатта кәсiпорындарға қатысты республикалық (коммуналдық) меншiк құқығы субъектiлерiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар (кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган тиісті салада (секторда) мемлекет саясатын жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлетті мемлекеттік орган болып табылмаған жағдайда) республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тиiстi саласында (аясында) мемлекеттік саясатты жүргiзуге уәкілеттiк берiлген орталық (жергілiкті) мемлекеттiк органдарға, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) орта мерзiмдi жоспары шеңберiнде тиiстi саладағы (сектордағы) инвестициялық саясаттың тиiмділігi мен оның келiсiлуi тұрғысында тиiсiнше түзетудi жүзеге асыру және салалық бағалауды жүргiзу үшiн инвестициялық бағдарламаларды уақтылы тапсыруды қамтамасыз етедi. 
12. Республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) тиiсті саласында (аясында) мемлекеттiк саясатты жүргiзуге уәкiлеттi орталық (жергiлiктi) мемлекеттiк органдар кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бағалаудың (және енгiзiлген түзетулердiң) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi жоспары жобасының инвестициялық саясат бөлiмiн әзiрлеу жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастырады және экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi орталық (жергілiктi) органға (кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бағалау жөнiндегi қорытындыларды қоса бере отырып) жiбередi. 
13. Экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi жергiлiктi мемлекеттiк орган қарау (түзету), облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары жобасының инвестициялық саясат бөлiмiн әзiрлеу жөнiндегi салалық ұсыныстарды кешендi бағалауды және жинауды жүргiзу рәсiмдерiн жүзеге асырғаннан кейiн осы бөлiмдi экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi орталық мемлекеттiк органға жiбередi. 
14. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларына кешендi бағалау жүргізу жөнiндегі рәсiмдердi жүзеге асыру мерзiмдерiн республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) экономикалық жоспарлау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органы республиканың (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) кешендi бағалауды жүзеге асыру процесiне қатысатын өзге де мемлекеттiк органдарына уақтылы жеткiзедi. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларына кешендi бағалау жүргiзу мерзiмдерiн белгiлеген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу үшiн белгiленген мерзiмдердi ескеруi тиiс.  
15. Кәсiпорындардың инвестициялық бағдарламаларын қарау барысында мемлекеттiк органдар: 
инвестициялық бағдарлама бойынша қосымша ақпаратты талап етуге; 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен инвестициялық бағдарламаны бағалауды жүргізу үшiн тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшiлердi тартуға; 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (облыс, республикалық маңызы бар қала әкiмдiгінiң) қарауына инвестициялық бағдарламаларды бағалау барысында туындайтын жекелеген мәселелердi шешу үшiн ведомствоаралық жұмыс топтарын құру жөнiндегi ұсыныстарды беруге құқылы.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 15 қарашадағы
 N 1201 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы N 1543 қаулысында: 
1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын.
2. "Қазақстанның Даму банкi" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 мамырдағы N 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 18, 232-құжат): 
1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.
3. "Отандық өндiрушiлердi мемлекеттiк қолдауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1204 қаулысында: 
3-тармақтағы "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 195-құжат): 
1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуымен негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.
5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 222-құжат): 
1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 30 мамырдағы N 502 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 223-құжат): 
1-тармақ "капиталына" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген" деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметтi институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегі кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы N 775 қаулысында: 
1-тармақтағы "капиталында" деген сөзден кейiн "даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген" деген сөздермен толықтырылсын.
8. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1251 Қаулысымен
 9-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.03.2006. № 222 қаулысымен. (12.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi