Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 және 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 748 Қаулысы
Редакция 27.08.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
(20.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз)(күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.08.2009. № 1251 Қаулысымен)
2) "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесiнде:
тақырыбындағы ""Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ "(бұдан әрi - Ереже)" деген сөздерден кейiн "даму институттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия