Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 16.07.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 5 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4602 болып енгізілді.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі осы қаулының  1-қосымшасына  сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының  2-қосымшасына  сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.): 
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде   мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн мерзімінде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне және»Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі   (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының
 2007 жылғы 23 ақпандағы
 N 49 қаулысына
 1 қосымша
Банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі
Осы Ереже 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі  туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау туралы " Заңдарына сәйкес банктердегі кредит тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленді және банктердің кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу тәртібін белгілейді.
1.     Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) инвестициялық заем (кредит) - бұл мынадай талаптарға сәйкес келетін заем (кредит): 
заем мерзімі бес және одан астам жылдар; 
заем шартының талаптарымен мерзімнен бұрын толық өтеуге тыйым салу белгіленген. Заемның ішінара өтелуі заемшының бизнес - жоспарында белгіленген мерзімде және тәртіпте жүзеге асырылуы мүмкін; 
Полная версия
ИС BestProfi