Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 168 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 15 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4873 болып енгізілді.
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 123 (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен
Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 24.08.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ұсынылып отырған Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4176 тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 34 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 118 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4252 тіркелген).
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.03.2012 № 127 Қаулысымен (29.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
5. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін Ереже талаптарына сәйкестендірсін.
6. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
7. Агенттіктің Төраға Қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi