1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4892 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар рыногында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыра алатын туынды бағалы қағаздардың базалық активтерін сатып алу тізбесі және тәртібі туралы" 2007 жылғы 16 шілдедегі N 210 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 2 қарашадағы N 228 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет миристрлігінде 2009 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді тіркеудің тізіліміне N 5889 болып енгізілді
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 30-бабының 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) БасқармасыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбы "туынды бағалы қағаздардың" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспе "туынды бағалы қағаздардың" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдарымен" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "туынды бағалы қағаздар" деген сөздерден кейін ", туынды қаржы құралдары" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Базалық активтері осы қаулының 1-тармағында айқындалған (3-тармақта көрсетілген базалық активтерді қоспағанда) туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарығында сатып алынады.";
екінші бөліктің бірінші абзацы "туынды бағалы қағаздармен" деген сөздерден кейін "және туынды қаржы құралдармен" деген сөздермен толықтырылсын;
"3. Екінші деңгейдегі банктер базалық активі кредиттік тәуекел болып табылатын туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдармен операцияларды мына талаптардың барлығын орындағанда, кредиттік дефолт своптарын (credit default swap) және жиынтық кіріс своптарын (total return swap) сатып алу (сатып алушы ретінде болулары) арқылы жүзеге асырулары мүмкін:
1) базалық актив екінші деңгейдегі банктің меншікті міндеттемесі болып табылмайды;
2) кредиттік тәуекелді базалық актив бойынша хеджирлеу мақсатында сатып алу;
3) сатып алу бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жүзеге асырылады.";
1-қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. КАsЕ (Каzаkhstan Stock Exchange Index)".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бүқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е Бахмутова.
Полная версия