Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2016
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 қазандағы N 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3940
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.11.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі Агенттігі
Төраға
18 қазан 2005 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сауда және индустрия
Полная версия