Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.12.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 Қаулысы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін (Салық кодексі) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 
2. Гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдар тізбеге енгізуге ұсынатын ұйымдар қызметінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 12-бабының 1-тармағы 11) тармақшасының талаптарына сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шараларды өткізгеннен кейін орынды болған жағдайда жыл сайын 20 ақпанға дейін тізбеге толықтырулар енгізу туралы тиісті шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді деп белгіленсін. 
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 20 наурыздағы
 N 376 қаулысымен
 бекітілген
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі
2. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ/WНО) 
3. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы 
Полная версия
ИС BestProfi