1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2009
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»8«мамырдағы N 368 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 31.12.2009 № 2319 Қаулысымен (20.03.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 20.03.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»8«мамырдағы N 368 қаулысымен бекітілген
Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаментінің (08.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(басқармасының)", "Департамент (басқарма)", "Департаменттің (басқарманың)", "департаментке (басқармаға)", "Департаментке " және "департаментінің" сөздер тиісінше "басқармасының", "Басқарма", "Басқарманың", "басқармаға", "Басқармаға" және "басқармасының" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2008 № 276 Қаулысымен.(басқармаға)
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларда және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде 010 "Мал шаруашылығын дамытуды қолдау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде
мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің дамуын жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімділігін, сапасы мен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруға арналады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қолдау нысандарын қозғамайтын бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жоғарғы сыныпты асыл тұқымды жануарларды сатып алуға, күтуге және өз төлі есебінен кең ауқымда өсіру үшін мал басын молықтыратын төлді өсіру шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетушілердің шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықты (бұдан әрі - жабдық), сондай-ақ арнайы техниканы (бұдан әрі - техника) сатып алу құнын 50 %-ға дейін өтеу;
республикалық бюджеттен субсидияланатын салаларды қоспағанда, мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруға пайдаланылатын құрама азықтың құнын 50 %-ға дейін арзандату;
ірі және құнарлы азық өндіру және дайындау жөніндегі шығындарды 50 %-ға дейін өтеу.
Полная версия