Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі N 182-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4888 болып енгізілді.
Тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.04.2012 № 160-ө-м (13.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен
Қолданушылардың назарына!!! Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Қараңыз: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 жылғы № 1053 Бұйрығы. Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы
Қараңыз: Вопрос-ответ Министр здравоохранения и социального развития (вопрос-ответ) от 06.01.2016, "В связи с принятием нового Кодекса Список производств, цехов, профессий и должностей, перечень тяжелых работ, работ с вредными (особо вредными) и (или) опасными условиями труда, работа в которых дает право на сокращенную продолжительность рабочего времени, повышенный размер оплаты труда и на дополнительный оплачиваемый ежегодный трудовой отпуск, утвержденный приказом и. о. Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 июля 2007 года № 182-п утратил свою силу"
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 17 тамыздан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.07.2019 жылғы № 373 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.04.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 202, 203, және 204-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.04.2010 № 132-ө бұйрығымен. (27.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
1) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесі осыбұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.04.2012 № 160-ө-м бұйрығымен (13.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысын және еңбекақының жоғары мөлшерін беру қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.04.2010 № 132-ө, 27.04.2012 № 160-ө-м бұйрықтарымен (27.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп есептелсін. 
1) "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 19 шілдедегі N 175-б бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылдың 3 тамызында N 1211 тіркелген); 
2) "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 19 шілдедегі N 175-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі N 90-б бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылдың 20 мамырында N 1855 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық кесімдері бюллетенінде жарияланған, 2002 ж., тамыз, N 29); 
3) "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2000 жылғы 19 шілдедегі N 175-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 11 ақпандағы N 27-б бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылдың 18 ақпанында N 2176 тіркелген).
3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С. Әбденов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге табыс етілуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi