Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2023
Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 747 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жояды 2023 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 14.09.2023 жылғы № 799 Қаулысына сәйкес 
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2020 жылғы № 785 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 06.12.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2020 жылғы № 785 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттілігi туралы ереже бекiтілсiн.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қыркүйектегі N 1083  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 36, 343-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Pеспубликасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 19 шілдедегі
№ 747 қаулысымен бекітілген
Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2012 № 1177 (19.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (11.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2016 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 717 Қаулысымен (27.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.11.2016 жылы № 230 (28958) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 925 Қаулысына сәйкес (21.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.11.2020 жылғы № 785 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көліктің барлық түрлерін дайындау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізу тәртібін айқындайды.
2. Әскери-көліктік міндеттілік жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың элементі болып табылады, көлікті есепке алу, алдын ала дайындау, заңды және жеке тұлғалардың беруі, сондай-ақ көлікпен жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды.
3. Әскери-көліктік міндеттілік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көліктің барлық түрлерімен, оның ішінде мотоциклдермен, тракторлармен, тіркемелермен, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналарымен және механизмдермен (бұдан әрі – көлік құралдары), сондай-ақ жегілетін және жүк артатын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленеді.
4. Әскери-көліктік міндеттілік заңнамада көзделген негіздерде көлік құралдарын иеленетін жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін өзге де ұйымдарға қолданылады.
Әскери-көліктік міндеттілік шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне, артықшылықтары мен иммунитеттері бар шетелдік және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.
5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша көлік құралдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізілмейді.
6. Әскери-көліктік міндеттілікті жеке және заңды тұлғалар:
1) жұмылдыру жарияланғанға, соғыс жағдайы және соғыс уақыты енгізілгенге дейін – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізуге арналған көлік құралдарын тіркеу, тіркеуден шығару, қайта тіркеу, техникалық пайдалану және көліктік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында – жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына техникалық ақаусыз және жасақталған көлік құралдарын жеткізу арқылы атқарады.
7. Аса жеңіл авиацияның жеке әуе кемелерін, спорт кемелерін, жеңіл автомобильдерді (жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдерден басқа)және мотороллерлерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді және техникалық қарап тексеруден өтуін есепке алуды жүргізетін уәкілетті органдар жүзеге асыратын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, тіркеуден шығару және қайта тіркеу, сондай-ақ оларды техникалық қарап тексеруден өткізуді орталық мемлекеттік органдар көлік құралын, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық қарап тексеруден өту нәтижелерін тіркеген, тіркеуден шығарған және қайта тіркеген кезде ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасау арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін хабардар ете отырып жүргізеді.
Полная версия
ИС BestProfi