Близость слов: Окончание:





Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV Заңы
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 15.01.2014 жылғы № 164-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атқарушылық іс жүргізу – борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысында деректер алуына арналған ақпараттық жүйе;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2021 жылғы № 49-VII Заңымен (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңымен (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі – атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондык банкі;
3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы – ақпараттык жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да кұралдардың жиынтығы;
3-1) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) – жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік ұйым;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-1-тармақша өзгертілді ҚР 12.11.2015 жылғы № 391-V Заңымен (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2015 жылы № 219 (28697) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы – Республикалық палатаның өңірдегі филиалы;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап
4) жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
5) мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
5-1) оңайлатылған іс жүргізу – аумақтық орган атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыратын атқарушылық құжаттардың автоматтандырылған орындалуы;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.08.2024 жылдан бастап)
5-2) оңайлатылған іс жүргізудегі қаулы – оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қабылданатын, аумақтық орган басшысының не оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған процестік шешім тіркелетін аумақтық органның процестік құжаты;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.08.2024 жылдан бастап)
6) сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 376-V Заңына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) сот орындаушысының қаулысы – атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;
8) толық мәжбүрлеп орындату – атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;
9) уәкілетті орган – атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Полная версия
ИС BestProfi