1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.08.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 шілде N 1063
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы Нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесі жеке адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгіленген. Ол Қазақстан Республикасы аумағының шегінде еркін жүріп-тұру, тұрғылықты жерін таңдау, шет елге шығу мен отанына қайтып оралу құқықтарының сақталуына кепілдік береді.
Осы Ереже Конституцияның, "Азаматтық туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" заң күші бар Жарлығының және өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің нормаларына негізделген және республиканың экономикалық дамуы, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық процестерді реттеу мүдделерінде халықтың көші-қонын есепке алуды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай рәсімдерін белгілейді.
1. Жеке басты куәландыратын құжаттар және олардың түрлері
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек.
2. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
2) жеке куәлік;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі.
3. Жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады.
4. Уәкілетті орган иесінің қалауы бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырады.
5. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың қалауы бойынша, жасына қарамастан беріледі.
Төлқұжатта:
тегі, аты, әкесінің аты; туған күні және жері; жынысы; ұлты (иесінің қалауы бойынша көрсетіледі); азаматтығы;
Полная версия