Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2013
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 1184 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы № 852 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шілдедегi N 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 29, 359-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiнде:
10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресiмделедi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға;
шет мемлекеттердiң аумағында орналасқан оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушыларға;
шет мемлекеттерде кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқандарға;
көрсетілген адамдардың олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне;
шетелде дипломатиялық қызметтiң персоналымен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереженiң 10-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген адамдар жоғарыда көрсетiлген құжаттардан бөлек, сондай-ақ олардың тұру; оқу; жұмыс iстеу отбасылық жағдайы фактiсiн; растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.".
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия