Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.09.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 194 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2023 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
1. "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 2, 24-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесінде:
5-тармақта:
"кезектілігіне сай" деген сөздерден кейін "білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі.";
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5 және 5-6-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш, білімі туралы құжат (түпнұсқа), ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификатын, 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді.
Таңдау бойынша пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт мамандықты көрсете алады.
Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады.
5-2. Осы Ереженің 6 және 6-1-тармақтарында көрсетілген білім беру грантын алуға басым құқығы бар азаматтар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.
5-3. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.
5-4. Бірінші және екінші топтағы мүгедек азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) қорытындысын ұсынады.
5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 45 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10), ал қалған пәндерден кемінде - 3 балл.
5-6. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер білім беру грантын алу конкурсына бір мамандық бойынша қатысады және тек шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын ғана көрсетеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2, 8-3-тармақтармен толықтырылсын:
"8-1. Білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын Комиссия оқыту нысанына қарамастан, жоғары өту балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының ішінде осы ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
8-2. Тиісті куәлік иелерінің тізімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Иегер білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлік білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады. Осы мамандық бойынша босаған білім беру грантын Комиссия азаматтарға осы Ереженің 5, 6, 6-1-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
8-3. Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 15 тамыздан кешіктірмей береді.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
8-4. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттары оқыту мамандықтарының бөлінісінде конкурстық негізде осы мамандық бойынша ақылы негізде оқитын білім алушыларға беріледі. Конкурс білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бос білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), содан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В- ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
8-5. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарын беру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
қысқы және жазғы емтихан сессияларының қорытындылары бойынша жоғары оқу орындары 10 қаңтар мен 10 шілдеге дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ұсынады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган оқуға түсу жылын ескере отырып, мамандықтар, оқытудың нысандары мен мерзімдері бөлінісінде бос білім беру гранттарының тізбесін жасайды және 15 қаңтар мен 15 шілдеге дейін олар бойынша ашық конкурс жариялайды. Конкурс туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады;
білім беру грантын тағайындауға үміткер ақылы негізде оқитын жоғары оқу орны білім беру саласындағы уәкілетті органға білім алушының мынадай құжаттарын ұсынады: өтініш және барлық оқу кезеңі ішіндегі үлгерімінің орташа балы көрсетілген жоғары оқу орнының басшысы растаған оның оқу карточкасының немесе транскриптінің үзіндісі. Құжаттар 25 қаңтарға және 25 шілдеге дейін ұсынылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурсқа ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және конкурсқа қатысатын студенттердің үлгірім көрсеткіштерінің жиынтық ведомосын дайындайды. Комиссия конкурсқа қатысатын студенттердің үлгерім көрсеткіштерінің жиынтық ведомосын қарайды және білім беру гранттарын береді;
конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша Комиссияның шешімі шығарылады. Комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру гранттарын беру туралы бұйрығы шығарылады.
8-6. Білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын Комиссия оқыту нысанына қарамастан, үлгерімнің жоғары орташа балымен мамандықтарға дайындау бағыттарының ішінде осы Ереженің 8-4-тармағында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия