Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2023 жылғы 22 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2023 жылғы № 772 Қаулысына сәйкес
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2014 жылғы № 769 Қаулысымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 289 Қаулысына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы № 365 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5, 22-2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (01.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2014 жылғы № 769 Қаулысымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 289 Қаулысына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы № 365 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.";
"5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша - кемінде 4 балл жинау қажет.";
3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
6-1. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында окуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.";
"7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.
"Халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша шешімді Комиссия қабылдайды.";
"8-2. Комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.
Білім беру грантын иеленуші өзі жоғары оқу орнына қабылданғанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі.";
"8-7. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары
Атау өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.07.2014 жылғы № 769 Қаулысымен (30.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы № 289 Қаулысына сәйкес (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.11.2018 жылғы № 765 Қаулысымен (13.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2020 жылғы № 258 Қаулысына сәйкес (16.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 01.06.2021 жылғы № 365 Қаулысына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.11.2022 жылғы № 926 Қаулысымен (26.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысымен (01.06.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.08.2023 жылғы № 716 Қаулысына сәйкес (18.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)