Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.02.2011
Ғылым туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі N 225 Заңы
Осы Заң күшін жойды 07.03.2011 жылдан бастап ҚР 18.02.2011 жылғы № 407-IV Заңына сәйкес
Редакция 01.03.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, ғылыми және ғылыми-техникалық сала субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
1) ғылым - табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиiмдi басқару мақсатында болмыс туралы объективтi бiлiм-бiлiктi тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметiнiң саласы; 
2) мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат - әлеуметтiк-экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi, ол мемлекеттiң ғылыми және ғылыми-техникалық қызметке қатынасын бiлдiредi, әртүрлi ұйымдардың ғылым мен техника ғылыми-техникалық жетiстiктердi іске асыру, жаңа технологиялар жасау саласындағы, оның iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатындағы қызметiнiң негiзгi мақсаттарын, бағыттарын, принциптерiн, нысандары мен әдiстерiн белгiлейдi;
3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) ғылыми-зерттеу қызметi (бұдан әрi - ғылыми қызмет) - зерделенiп отырған объектiлерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшелiктердi, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеуге және алынған бiлiмдi практикада пайдалануға байланысты қызметтiң түрi; 
5) ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, инженерлiк, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық және өзге проблемаларды шешу үшiн жаңа бiлiм алуға және оны қолдануға, ғылымның, техниканың және өндiрістiң бiртұтас жүйе ретiнде жұмыс істеуiн қамтамасыз етуге бағытталған қызмет; 
6) iргелi ғылыми зерттеулер - табиғат, қоғам, адам дамуының және олардың өзара байланысының негiзгi заңдылықтары туралы жаңа бiлiм алуға бағытталған теориялық және (немесе) эксперименттiк санаткерлiк қызмет; 
7) қолданбалы ғылыми зерттеулер - практикалық мақсаттарға қол жеткiзу және нақты мiндеттердi шешу үшiн жаңа бiлiм алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет; 
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижесi - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтiң жаңа бiлiмдi немесе жаңа шешiмдердi қамтитын, кез келген ақпарат жеткiзушiде тiркелген және қолдануға арналған объективтендiрiлген нәтижесi; 
9) инновациялық қызмет - нәтижесi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгi үшiн пайдаланылатын жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдi, технологияларды және өнiм түрлерiн өндiрiстiң түрлi салаларына және қоғамды басқару салаларына енгiзуге бағытталған қызмет; 
10) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi - ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 
11) ғылыми-зерттеу институты - бiлiмнiң белгiлi бiр саласында ғылыми қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым; 
12) гранттар - грант берушiлер мен грант алушылар арасындағы шартта көзделген талаптармен нақты ғылыми зерттеулер жүргiзуге арнап өтеусiз және қайтарымсыз берiлетiн ақша және өзге мүлiк; 
13) мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама - ғылыми-техникалық прогрестiң аса маңызды мәселелерi бойынша қабылданатын шешiмдердiң негiздiлiк деңгейiн айқындау мақсатымен сараптама объектісiне тәуелсіз талдамалық баға алу үшін уәкілетті мемлекеттiк орган ұйымдастыратын бағалау жұмыстары мен қорытындылар жүйесі;
#$тармақшаға 2011 жылғы 1 қаңтарда өзгерту енгізіледі - ҚР 27.07.2007. № 320 Заңымен.
14) ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды мемлекеттiк аттестаттау - магистрдің, философия докторының (РhD), бейіні бойынша доктордың академиялық дәрежелерін, доцент және профессор ғылыми атақтарын беру жөнiндегi, бұларды алу үшiн iзденушiлерге бiрыңғай талапты қамтамасыз ететiн бағалау жұмыстарының жүйесi; 
Полная версия
ИС BestProfi