Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 157-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 13 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4864 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 319-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі бекітілсін.
2. "Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде N 3323 тіркелген, 2005 жылғы 21 қыркүйектегі "Заң газеті" газетінде жарияланған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  N 278-ө бұйрығының күші жойылған деп танылсын.
3. Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаменті (С.С.Әбденов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М.Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және
 халықты әлеуметтік қорғау министрінің
 2007 жылғы 16 шілдедегі N 157-ө
 бұйрығымен бекітілген
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі - ереже) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек  кодексіне сәйкес әзірленген және жұмыс берушінің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы - өндірістік жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында немесе осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер атқарылатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалардың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі.
2.Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) жұмыс беруші, мүдделі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлердің өкілінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір мамандық үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді. 
Сондай-ақ нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйым) тапсырысы бойынша келісім-шарттық негізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары да жүзеге асыруы мүмкін.
4. Тізбе Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын есепке ала отырып бекітілген жұмыс берушінің штаттық кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге уәкілетті тұлға бекітеді және ол барлық құрылымдық бөлімшелеріне жолданады.
5. Нұсқаулық, жабдықты өндіруші зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ, жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасы мен өндіріс жағдайларында баяндалған қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің негізінде әзірленеді.
6. Нұсқаулықты әзірлеуге қажетті дайындық жұмыстары: 
1) технологиялық процесті зерделеу, оның қалыпты ағымы мен қалыпты режимнен ауытқыған кезінде пайда болатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау, сондай-ақ аталған факторлардан қорғану шаралары мен құралдарын анықтаудан; 
2) қолданыстағы жабдықтардың, құрылғылар мен құралдардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестілігін анықтаудан; 
3) нұсқаулықты әзірлеу барысында қолданылуы мүмкін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі жөніндегі материалдарды жинаудан; 
4) тиісті жұмыстарды орындау барысында пайдаланылуы мүмкін қорғану құралдарының конструкциялық ерекшелігі мен тиімділігін зерделеуден; 
5) тиісті мемлекеттік органның өндірістегі жазатайым жағдайлар мен апаттардың нәтижесі бойынша ақпараттық хат, өкімдер мен бұйрықтарды зерделеуден; 
6) өндірістік жарақаттанудың, апатты жағдайлардың және осы кәсіп (жұмыстар түрлері) үшін кәсіби аурулардың себептеріне талдау жүргізуден; 
7) жұмыстың қауіпсіз әдіс-тәсілдерін, олардың дәйектілігін, сондай-ақ нұсқаулыққа енгізілуге тиіс техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды анықтаудан; 
8) бекітілген нормалар негізінде еңбек және демалыс режимін анықтаудан тұрады.
7. Іске қосылып жатқан жаңа өндірістер, технологиялар немесе құрал-жабдықтар үшін, нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейінгі мерзімге, уақытша нұсқаулықтарды әзірлеуге және қолдануға рұқсат беріледі. 
Уақытша нұсқаулықтар технологиялық процестердің (жұмыстардың) қауіпсіз жүргізілуін және жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс. Уақытша нұсқаулықты әзірлеу осы ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Нұсқаулықтың әрқайсысына тиісті атау берілуге тиіс. Атауда оның қандай мамандыққа немесе жұмыс түріне арналғандығы қысқаша көрсетілуге тиіс.
9. Нұсқаулық технологиялық процестің қысқаша сипаттамасын және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қамтиды.
10. Нұсқаулықтың талаптары технологиялық процестің дәйектілігіне сәйкес осы жұмыстардың орындалу жағдайларын есепке ала отырып, көрсетілуге тиіс: 
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары; 
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары; 
3) жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары; 
4) апатты жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары; 
5) жұмыс аяқталғандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары.
11. "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жалпы талаптары" деген бөлімде: 
1) тұлғаларды кәсібі бойынша жұмыстарын өздігінен орындауға немесе тиісті жұмысты орындауға (жас, жыныс, денсаулық жағдайы, нұсқау жүргізу) рұқсат берудің шарттары; 
2) ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар; 
3) еңбек және демалыс режимін орындау жөніндегі талаптар; 
4) қызметкерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамасы; 
5) оларда мемлекеттік, салалық стандарттары мен техникалық шарттарын көрсете отырып, осы кәсіп үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын берудің нормалары; 
6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар; 
7) қызметкер білуге және жұмысты орындау барысында сақтауға тиіс жеке гигиена талаптары көрсетілуге тиіс.
12. "Жұмыс басталудан бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде: 
1) жұмыс орнын, жеке қорғану құралдарын дайындау тәртібі; 
2) жабдықтың, айлабұйым мен құралдың, қоршау, дабылдағыш блокталған және басқа да құрылғылардың, қорғаушы жерқосқыштың, желдетудің, жергілікті жарықтандыру жарамдылығын тексеру тәртібі; 
3) бастапқы материалдардың (шалаөнім, дайындама) бар болуын және оның жай-күйін тексеру тәртібі; 
4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдау тәртібі; 
5) өндірістік санитария талаптары көрсетілуге тиіс.
13. "Жұмыс кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде: 
1) жұмысты қауіпсіз орындау әдістері мен тәсілдері, технологиялық жабдықтарды, айлабұйым мен құралдарды пайдаланудың ережелері; 
2) бастапқы материалдарды (шикізат, дайындама, шалаөнім) ұстау қауіпсіздігінің талаптары; 
3) көлік құралдарын, ыдысты және жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану талаптары; 
4) жұмыс орнын қауіпсіз ұстау жөніндегі нұсқаулар; 
5) нормативті технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды қалпына келтіру әдістері; 
6) апатты жағдайларды болдырмауға бағытталған әрекеттер; 
7) қызметкерлерді қорғау құралдарын пайдалану талаптары көрсетілуге тиіс.
14. "Апатты жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде: 
1) апат пайда болған немесе жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін жағдайда қызметкерлердің әрекеті; 
2) жарақаттанған, уланған және кенеттен ауырғанда медициналық көмек көрсету жөніндегі әрекеттер; 
3) жұмыс берушіні қызметкерлердің жарақаттану оқиғалары және жабдықтардың, айлабұйым мен құралдың жарамсыздығы туралы хабардар ету тәртібі көрсетілуге тиіс.
15. "Жұмыс аяқталғандағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" деген бөлімде: 
1) жабдық, айлабұйым, машина, механизм және аппаратураларды қауіпсіз сөндіру, тоқтату, жайғастыру, тазалау және майлаудың тәртібі, ал үздіксіз процесс жағдайында - оларды ауысым бойынша беру тәртібі; 
3) өндіріс қалдықтарын тазалау тәртібі; 
4) жеке гигиена және өндірістік талаптарды сақтау талаптары; 
жұмыс уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы жұмыс берушіні хабардар ету тәртібі көрсетілуге тиіс.
16. Нұсқаулықта нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер көрсетілмеуге тиіс. Нормативтік құқықтық актілердің талаптары нұсқаулықта ескерілуі керек. Қажет болған жағдайда бұл нормативтік құқықтық актілердің талаптарын нұсқаулықта қайта баяндау керек.
4. Нұсқаулықты бекіту және қайта қарау
17. Нұсқаулықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметімен немесе жауапты тұлға мен мүдделі құрылымдық бөлімшелер, лауазымдық тұлғалар мен қызметкерлер өкілдерімен келісілгеннен кейін жұмыс беруші бекітеді.
18. Бекітілген нұсқаулықты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жұмыс берушінің жауапты тұлғасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды есепке алу журналында есепке алады.
19. Мамандықтар мен жоғары қауіптілікпен байланысты жұмыс түрлері бойынша нұсқаулықты қайта қарау 3 жылда бір реттен сирек емес жүргізіліп тұруға тиіс. Нұсқаулық мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын қайта қарауға жатады: 
1) заңнамалық кесімдер, мемлекеттік стандарттар және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері өзгергенде; 
2) жаңа техника мен технология енгізілгенде; 
3) өндірістегі жазатайым оқиғалар, авариялар мен апаттарды зерделеудің нәтижелері бойынша. 
Қайта қарау нәтижелері бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі анықталады.
20. Егер осы ереженің 19-тармағында белгіленген мерзім ішінде жұмыс жағдайы өзгермесе, нұсқаулықтың қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, бұл туралы нұсқаулықтың бірінші бетінде жазылады ("Қайта қаралды" мөртабаны, күні және нұсқаулықты қайта қарауға жауапты тұлғаның қолы қойылады).
Полная версия
ИС BestProfi