Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (28.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 06.09.2023 жылғы № 770 Қаулысына сәйкес
Редакция 07.05.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 24-1) тармақшасын және 26-бабының8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.05.2016 жылғы № 288 Қаулысына сәйкес (28.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.05.2016 жылы № 94 (28822) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2017 жылғы № 923 Қаулысына сәйкес (12.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.01.2018 жылы № 7 (29238) "Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 10 пайыз;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2021 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (29.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;
1-тармақ 7-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.04.2021 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;
1-тармақ 8-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.04.2021 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.
1-тармақ 9-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.04.2021 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес (өзгерту 07.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 17, 157-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi