Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасын әзiрлеу ережесiн бекiту
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 286-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3317
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2012 № 426-ө-м (21.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Әлеуметтiк нормативтер және мүгедектердi оңалту департаментiнiң директоры К.А.Манабаева осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң аумақтық департаменттерiне жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2004 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 286-ө бұйрығымен бекітілген
Ереже жаңа редакцияда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.11.2012 № 426-ө-м (21.01.2011 жылғы редакцияны қараңыз) бұйрығымен.(ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750, «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулыларына сәйкес әзірленді және мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын айқындаудың тәртібін регламенттейді.