Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2007
Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысы       
Редакция 18.05.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қоршаған ортаны қорғау туралы " 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерінің тiзбесi; 
2) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесi бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 
3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 43-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi"; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде: 
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесi" деген І бөлiм мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын: 
"27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері"; 
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесі" деген ІІІ бөлім мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: 
"11. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операциялары мен минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру бөлігінде)".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2004 жылғы 8 қаңтардағы
 N 19 қаулысымен
 бекiтілген
Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң ТIЗБЕСI
Полная версия
ИС BestProfi