1. "Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды мiндетті мемлекеттік лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 1, 10-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2007
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 340 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiнiң тiзбесiнде:
3-тармақ алынып тасталсын;
"Мұнай операцияларын жүзеге асыру және техногендiк минералдық құралымдарды пайдалану" деген тарау және 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 1-2 қауiптiлiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру.";
10-тармақтағы "қауiптi өндiрiс қалдықтарын" деген сөздердiң алдынан "1-3 қауіптілік сыныбындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Қоршаған ортаға Зиянды әсерiн тигізетiн техногендiк минералдық құралымдарды сақтау.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi мемлекеттiк қорықтық аймақ шегiндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыру, салу және қайта жаңарту және өзге де объектілердi пайдалану.
12. Қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетiн химиялық және биологиялық заттарды өндiру.";
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттiк лицензиялау ережесiнде:
"Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары" деген 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уытты, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
Полная версия