Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 997 Қаулысы
Редакция 07.06.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 
2-7. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-7-тармақтарының күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.09.1999. № 1363 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн, қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 1997 жылғы 20 маусымдағы
 N 997 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (Қорғанысминiнiң Қорғанысөнеркәсiпкомы) туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) қорғаныстық және қос мақсаттағы өнiмдердi жасауға және өндiруге қатысушы ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымындағы мемлекеттiк орган болып табылады. 
2. Комитет өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шектерiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады. 
3. Комитеттiң өзiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық органдарының, ұйымдарының лауазымды тұлғаларының және азаматтарының атқаруы үшiн мiндеттi. 
4. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
5. Комитеттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады. 
6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және қазақ, орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi мөрлерi, мөртаңбалары және бланктерi болады. 
7. Комитеттiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi