Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.05.2016
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 4 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 15.04.2016 жылғы № 221 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы  жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге  асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 03.06.2014 жылғы № 607 Қаулысымен (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.07.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкiметiнiң 29.06.2015 жылғы № 489 Қаулысымен (03.06.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2015 жылы № 131 (28609) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік  жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 26 желтоқсандағы
 № 1684 қаулысымен
 бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
 
Біліктілік талаптары Құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметке жеке тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:
1. жоғары білім Мамандығы және біліктілігі көрсетілген, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнының атауы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
2. қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс өтілінің болуы (жұмыс орны, кезеңі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
3. аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда – шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген орган, аккредиттеу саласы, аттестаттың жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
4. қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешені Мыналар:
1) бағдарламалық кешеннің атауы;
2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

2. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызметке заңды тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:
1. өтініш иесі басшысының жоғары білімі Мыналар:
1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және күні, берілген орны, оқу орнының атауы
2) басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

2. осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін, қоршаған ортаны қорғау саласында кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, жоғары білімді кем дегенде екі маманның болуы Мыналар:
1) эколог мамандардың Т.А.Ә.;
2) олар атқаратын лауазымдар;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс өтілі (бұрынғы жұмыс орны, кезеңі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні);
4) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі мен күні, берілген орны, оқу орнындарының атауы көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

3. аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда – шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген органы, аккредиттеу саласы, аттестаттың жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
4. қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен Мыналар:
1) бағдарламалық кешеннің атауы;
2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

3. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит жөніндегі қызметке жеке тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:
1. жоғары білім Мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі мен күні, берген орны, оқу орнының атауы көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
2. қоршаған ортаны қорғау саласындағы кемінде үш жыл, оның ішінде табиғат қорғау жобалау, нормалау саласындағы кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс тәжірибесінің болуы (жұмыс орны, кезеңі, атқарған лауазымдары, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні) туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
3. аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны. Өз зертханасы болмаған жағдайда – шарттың нөмірі және күні, жасалған орны, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген органы, аккредиттеу саласы, аттестаттың жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)
4. қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен Мыналар:
1) бағдарламалық кешеннің атауы;
2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

4. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін экологиялық аудит жөніндегі қызметке заңды тұлғалар үшін мыналардың болуын қамтиды:
1. өтініш иесі басшысының жоғары білімі Мыналар:
1) мамандығы және біліктілігі, дипломның нөмірі және күні, берілген орны, оқу орнының атауы;
2) басшы ретінде жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні көрсетілген ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

2. осы заңды тұлғаның штатында жұмыс істейтін кемінде екі экологиялық аудитор Мыналар:
1) эколог аудиторлардың аты-жөні;
2) атқаратын лауазымдары;
3) жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі және күні және /немесе жеке еңбек шартының нөмірі және күні;
4) қызметтің кіші түрі: экологиялық аудит көрсетілген лицензияның нөмірі мен күні көрсетілген ақпарат нысаны (қосымшаға сәйкес)

3. аккредиттелген мамандандырылған зертхана не көрсетілген зертханалары бар ұйымдардың талдамалық жұмыстарды (қызметтерді) орындауы туралы шарт Өз зертханасының болуы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен күні, берілген орны, берген орган, берілген аккредиттеу саласы, аккредиттеу жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны.
Өз зертханасы болмаған жағдайда – шарттың жасалған орны, нөмірі және күні, зертханасы бар ұйымның атауы, аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні, берілген орны, берген органы, аккредиттеу саласы, аттестаттың жарамдылық мерзімі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

4. қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін есептеу бойынша бағдарламалық кешен Мыналар:
1) бағдарламалық кешеннің атауы;
2) бағдарламалық кешеннің өндірушісі көрсетілген мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
 жұмыстарды орындау және қызметтерді
 көрсету жөніндегі қызметті
 жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
 талаптары және оларға сәйкестікті
 растайтын құжаттардың тізбесіне
 қосымша
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер нысандары
1. Шаруашылық және өзге де қызметтің І санаты үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау жөніндегі қызмет үшін жеке тұлғаларға:
       Мамандықтың және біліктіліктің атауы _________________________;
       Диплом берген оқу орнының атауы _________________________.
Полная версия
ИС BestProfi