Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2007
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 329 қаулысы
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесінде:
"Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары (сейсмикалық төзімділігі 6 балға дейін және/немесе 6 балдан жоғары аудандарда)" деген 2-бөлімде:
3-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын;
7-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия