Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2007
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1067 қаулысы
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1067 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысымен бекiтiлген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерінің тiзбесi
1. Құрылысқа арналған iздестіру жұмыстары
1. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геодезиялық орталықтарын салу және қалау;
2) инженерлiк-гидрологиялық жұмыстар;
3) жоспарлы-биiктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желiлiк құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар.
2. Инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiрiп алу;
Полная версия