Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2007
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23 қаулысына толықтыру мен өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1270 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 23  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 1, 9-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтi лицензиялау ережесiнде: 
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздері орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы."; 
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерінің тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2004 жылғы 4 желтоқсандағы
 N 1270 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметiнің
 2002 жылғы 10 қаңтардағы
 N 23 қаулысымен
 бекiтiлген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң) лицензияланатын түрлерiнiң ТIЗБЕСI
1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары
1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер: 
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау; 
2) инженерлік-гидрологиялық жұмыстар; 
3) жоспарлы-биіктiк түсiрулер желiлерiн жасау; 
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер; 
Полная версия
ИС BestProfi