Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.11.2007
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 және 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 35 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 Қаулысымен.
Редакция 05.07.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 692 Қаулысымен)(1)
2) "Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 маусымдағы N 767     қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 20, 258-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Медициналық және дәрiгерлiк қызметтi лицензиялау ережесiнде:  
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  
"7. Лицензияға, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтің және/немесе белгiлi бiр мамандық (мамандықтар) бойынша қызметтің түрi (түрлерi) көрсетiлген, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қосымша берiледi.";
11-тармақтың 1) тармақшасы "белгiленген" деген сөздің алдынан "медициналық, дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыратын объектiлерi көрсетiлген," деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген Ережеге қосымшадағы "қосымша" деген сөздің алдынан "1-" деген санмен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетiлген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
           қызметке арналған мемлекеттік  лицензияға
   (лицензияттың толық атауы, заңдық мекен-жайы)
____________________________________ мекен-жайы бойынша орналасқан
______________________________________________________ объектiсiне
медициналық және дәрігерлік қызметтің мынадай түрлерiне берiлдi: 
Лицензиар-орган __________________________________________________ 
      (лицензияны берген орган басшысының Т.А.Ә.)         (қолы)
Полная версия
ИС BestProfi