Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2007
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қаңтар N 97
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен.(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этиль спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртiн сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь өнiмiмен (сырадан басқа) бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде: 34-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: "6) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысымен белгiленген ең төменгi бағадан кем сатпауға; 7) этил спиртiн сатудың уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiбiн сақтауға;" 35-тармақ мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын: "9) нормативтiк-техникалық актiлерде көзделген есеп құжаттамасының кемiнде екi жыл сақталуын қамтамасыз етуге; 10) Сериялы шығарылатын этил спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) жылына кемінде бір рет, ал рецептуралары, технологиялық процесі немесе өндірістің режимі өзгерген жағдайда - өнімді сериялық өндіріске енгізгенге дейін дәм айыру комиссияларына ұсынуға.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
Полная версия