Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.08.2007
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 186 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 733 Қаулысымен.(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1258  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 43, 388-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртiбiнде: 
35-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Полная версия
ИС BestProfi