2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.06.2016
Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2041 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 15 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 23.05.2016 жылғы № 300 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық өндірістің алкоголь өніміне арналған;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкелінетін алкоголь өніміне арналған жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.
2. Алкоголь өнімін 2010 жылғы 31 мамырға дейін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етілсін.
3. 2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.12.2010 № 1473 Қаулысымен (08.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(01.12.2010 бастап қолданысқа енгізіледі)
4 Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысымен (30.12.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.08.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2041 қаулысына 1-қосымша
Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы N 2041 қаулысына 2-қосымша
Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы (әкелінетін өніміне арналған) Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
.
Полная версия