Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi мен шарттарын, кеден төлемдерi мен салық алуды, кедендiк ресiмдеудi, кеден бақылауын және кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң ұйымдық-құқықтық негiздерiн қамтиды.
Внимание! Документ утратил силу с 05.04.2003
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегі N 2368 Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 16.07.1999 жылғы № 426 Заңымен (22.12.1998 ж. редакцияны қараңыз) Кіріспе алынып тасталды ҚР 16.07.1999 жылғы № 426 Заңымен (22.12.1998 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтіні бойынша мынадай сөздер ауыстырылды: "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықты", деген сөздер тиісінше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылды; "Министрлер Кабинеті", "Министрлер Кабинетінің", "Министрлер Кабинетімен" деген сөздер тиісінше "Үкіметі", "Үкіметінің", "Үкіметімен" деген сөздермен ауыстырылды; "Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актілерімен" деген сөздер "кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылды; "экономикалық саясат шаралары", "экономикалық саясат шараларын", "экономикалық саясат шараларының", "экономикалық саясат шаралары" деген сөздер тиісінше "тарифтік емес реттеу шарасы", "тарифтік емес реттеу шараларын", "тарифтiк емес реттеу шараларының", "тарифтiк емес реттеу шаралары" деген сөздермен ауыстырылды; "ең төменгi жалақы", "ең төменгi жалақыға", "ең төменгi жалақыдан" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiш", "айлық есептiк көрсеткiшке", "айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылды; "сот органдары", "сот органдарына", "сот органының", "сот органдарының" деген сөздер тиiсiнше "соттар", "соттарға", "соттың", "соттардың" деген сөздермен ауыстырылды; "қазақстандық тұлға", "қазақстандық тұлғалар", "қазақстандық тұлғаға", "қазақстандық тұлғаларға" деген сөздер тиiсiнше "отандық тұлға", "отандық тұлғалар", "отандық тұлғаға", "отандық тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылды; "қазақстандық тауар", "қазақстандық тауарлар, "қазақстандық тауарларды" деген сөздер тиiсiнше "отандық тауар", "отандық тауарлар", "отандық тауарларды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 16.07.1999 жылғы N 426 Заңымен Осы Заң күшін жойды 01.05.2003 жылдан бастап ҚР 05.04.2003 жылғы № 401-II Заңына сәйкес
Редакция 08.01.2003 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I БӨЛIМ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЕДЕН IСI
1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi
2-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты
Қазақстан Республикасында оның iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiртұтас кеден саясаты жүзеге асырылады.
Кеден саясатын орталық мемлекеттiк өкiмет органдары жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары:
Қазақстан нарығын қорғау;
Қазақстан өндiрушiлерi мен тұтынушыларын қорғау;
экономиканың дамуын ынталандыру;
экономикада құрылымдық қайта құру жүргiзуге жәрдемдесу;
бәсекенi ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету;
экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндiрiстi ынталандыру;
шетел инвестицияларын тарту;
сауда саясаты мiндеттерiн шешу;
осы Заң және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк өкiмет органдары айқындайтын басқа да мақсаттар болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы мен кеден шекарасы
Полная версия