«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.08.2015
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лицензиялау саласындағы кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 589 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
1) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі;
3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру) жөніндегі;
3) ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысымен бекітілген
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
| Р/с № | Біліктілік талаптары | Біліктілік талаптарын растайтын құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| АТҚ-ны әзірлеу және өндіру бойынша | |||
| 1. | Заңды немесе жеке тұлға мәртебесі | куәліктің нөмірі және берілген күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | «Е-лицензиялау» МДҚ пайдаланыла отырып тексеріледі |
| 2. | Жоғары техникалық білімі бар маман | мамандығын және біліктілігін, дипломның нөмірі мен күнін, берілген орнын, оқу орнының атауын қамтитын мәліметтер нысаны* | |
| 3. | Біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалау. АТҚ-ны әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша біліктілік сынақтарын тапсыруға арналған сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді | біліктілік сынағын тапсыру өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыратын жері бойынша лицензиардың бөлімшесінде жүзеге асырылады | |
| 4. | Мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер мен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты | мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсатының болуын растайтын ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | |
| 5. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтары | меншік құқығын растайтын құжаттарымен бірге техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының бар-жоғы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
| 6. | Арнайы бөлінген өндірістік үй-жай (меншік құқығы немесе өзге заңды негіз болған кезде) | меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
| 7. | Әзірленетін және өндірілген АТҚ-ны сақтауға арналған арнайы бөлінген үй-жай (меншік құқығы немесе өзге заңды негіз болған кезде). Бұл ретте үй-жай: 1) терезелері темір тормен (егер үй-жай алғашқы немесе соңғы қабаттарда орналасса); 2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен; 3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен; 4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс | меншік құқығын немесе өзге заңды негізді, сондай-ақ тиісті қызметтерді көрсету туралы мамандандырылған ұйым(дар)мен шартты растайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
| 8. | Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар: 1) осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген және өндірілген АТҚ-ны есепке алу журналының болуы; 2) осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген және өндірілген АТҚ туралы жарты жылда бір рет есептілік ұсыну; 3) мынадай жағдайларда АТҚ-ны әзірлеуді жүзеге асыру: - АТҚ-ны әзірлеуге жасалатын келісімшарттар (шарттар) жобалары туралы лицензиарды алдын ала хабардар ету; - жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган бекіткен және лицензиармен келісілген АТҚ-ны әзірлеуге техникалық тапсырманың болуы; - лицензиарға әзірленген АТҚ-ның үлгісін ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін ұсыну; 4) АТҚ-ның өндірісін мынадай шарттарда жүзеге асыру: - АТҚ-ны өндіруге жасалатын келісімшарттар (шарттар) жобалары туралы лицензиарды алдын ала хабардар ету; - жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган бекіткен және лицензиармен келісілген өндірілетін АТҚ-ға конструкторлық құжаттаманың болуы; - АТҚ-ның тәжірибелік үлгісіне ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қорытындылары бойынша лицензиардың оң қорытындысының болуы; 5) әзірленген АТҚ-ны, сондай-ақ оларға құжаттаманы меншік нысандарына қарамастан үшінші тұлғаларға тек лицензиардың келісімі бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру | лицензиатқа қойылатын қосымша талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
| АТҚ-ны жөндеу және өткізу бойынша | |||
| 9. | Заңды немесе жеке тұлға мәртебесі | куәліктің нөмірі және берілген күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | «Е-лицензиялау» МДҚ пайдаланыла отырып тексеріледі |
| 10. | Жоғары техникалық білімі бар маман | мамандығын және біліктілігін, дипломның нөмірі мен күнін, берілген орнын, оқу орнының атауын қамтитын мәліметтер нысаны* | |
| 11. | Біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын мәлімделген тұлғалардың білім деңгейін бағалау. АТҚ-ны әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша біліктілік сынақтарын тапсыруға арналған сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді | біліктілік сынағын тапсыру өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыратын жері бойынша лицензиардың бөлімшесінде жүзеге асырылады | |
| 12. | Мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты | мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсатының болуын растайтын ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | |
| 13. | Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтары | жеке меншік құқығын растайтын құжаттарымен бірге техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының бар-жоғы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
| 14. | Әзірленіп жатқан және өндірілген АТҚ-ны сақтау үшін арнайы бөлінген үй-жай (меншік құқығы немесе өзге заңды негіз болған кезде). Бұл ретте үй-жай: 1) терезелері темір тормен (егер үй-жай алғашқы немесе соңғы қабаттарда орналасса); 2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен; 3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен; 4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс | меншік құқығын немесе өзге заңды негізді, сондай-ақ тиісті қызметтерді көрсету туралы мамандандырылған ұйым(дар)мен шартты растайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінін өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
| 15. | Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптаp: 1) осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жөнделген АТҚ-ны есепке алу журналының болуы; 2) осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген АТҚ-ны есепке алу журналының болуы; 3) осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген АТҚ туралы тоқсан сайынғы есептілікті ұсыну; 4) осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жөнделген АТҚ туралы жыл сайынғы есептілікті ұсыну; 5) AТҚ-ны сатып алу және өткізу жасалатын келісімшарттар (шарттар) туралы лицензиарды хабардар ету шарттарында жүзеге асырылады; 6) АТҚ-ны жөндеу жасалатын келісімшарттар (шарттар) туралы лицензиарды хабардар ету шарттарында жүзеге асырылады; 7) өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ-ны, сондай-ақ оған құжаттаманы меншік нысандарына қарамастан үшінші тұлғаларға тек лицензиардың келісімі бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру | лицензиатқа қойылатын қосымша талаптардың орындалуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* | осы талапқа сәйкестік лицензиар бөлімшесінің өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша тексеруімен расталады |
Ескертпе: АТҚ - жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар.
* Осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымша
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажет етілетін ең аз техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдықтарының ТІЗБЕСІ
Полная версия

