Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
3) тармақшадағы «қаржыландырудың ережесі бекітілсін.» деген сөздер «қаржыландырудың ережесі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы;
5) Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен және Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 27 тамыздағы
 № 972 қаулысына
 1-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қаржыландыру және оларға халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағида).
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан азаматтар  және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер туралы мәліметтер «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
3. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілерде олардың меншік нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшеліктері бар:
2) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта  болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс  орындарын пайдалануға болмайды.
Полная версия
ИС BestProfi