Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.02.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы (бұдан әрі - Индустрияландыру картасы);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалық топтар ай сайынғы негізде «Қазақстан Республикасында инвестициялық үрдістерді басқару» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне ұсынсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат және Индустрияландыру картасын өзекті ету жөнінде ұсыныстар берсін.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі базасында Ақпараттық жүйенің техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Ақпараттық жүйені одан әрі дамытуды және ақпараттық, әдіснамалық, талдамалық және бағдарламалық толтырылуын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 сәуірдегі
 № 303 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы
 
Р/с
Жобаның атауы Жауапты мемлекеттік орган немесе ұлттық холдинг Өңір Жобаға өтініш беруші Іске асыру мерзімі*
1 2 3 4 5 6
1. Бозшакөл КБК салу ИЖТМ Павлодар облысы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 2010-2014 жылдар
2. Ақтоғай КБК салу ИЖТМ ШҚО «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 2011-2014 жылдар
3. Металданған өнім өндіру зауытын салу ИЖТМ Қостанай облысы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ 2011-2014 жылдар
4. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жылына 270 мың тонна жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту ИЖТМ Ақтөбе облысы «Қазхром» ұлттық көлік компаниясы» АҚ 2009-2012 жылдар
5. Ауыл шаруашылығы, жол құрылысы техникасы мен автобустар жасау ИЖТМ Қостанай облысы «АгромашХолдинг» АҚ 2003-2011 жылдар
6. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу ИЖТМ Алматы облысы «Жетісу» ӘКК 2005-2018 жылдар
7. Ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу МГМ Атырау облысы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС 2010-2014 жылдар
8. «Бейнеу - Шымкент» газ құбырын салу МГМ Өңіраралық жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2010-2019 жылдар
9. Ақмола облысындағы Нұра - Есіл арнасын қайта жаңарту АШМ Астана қаласы АШМ Су ресурстары комитеті 2010-2012 жылдар
10. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңарту ККМ Өңіраралық жоба ККМ 2007-2012 жылдар
11. Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристік ойын-сауық кешенін салу ТСМ Ақмола облысы «Tourism Borovoe City» ЖШС 2009-2021 жылдар
12. Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай қарсы реттеуішін салу ТЖМ ОҚО ТЖМ 2008-2011 жылдар
13. «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін жасау ҰҒА Астана қаласы ҰҒА 2006-2013 жылдар
14. «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру ҰҒА Қызылорда облысы ҰҒА 2005-2013 жылдар
15. Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру ҰҒА Астана қаласы ҰҒА 2008-2012 жылдар
16. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін құру ҰҒА Астана қаласы ҰҒА 2006-2014 жылдар
17. Шымкент қаласында «Химфарм» ақционерлік қоғамына жұмыс істейтін қуаттарды кеңейту және Астана қаласында GMP стандарттарына сәйкес фармацевтика фабрикасын салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Өңіраралық жоба «Химфарм» АҚ 2009-2011 жылдар
18. Өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ақмола облысы «Қазатомөнөркәсіп-КҚЗ» БК» ЖШС 2010-2011 жылдар
19. Мойнақ СЭС-ін салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «Самұрық-Энерго» АҚ 2006-2011 жылдар
20. Балқаш ЖЭС-ін салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «Самұрық-Энерго» АҚ 2010-2015 жылдар
21. Алматы қаласында және Алматы облысында 12 трансформаторлы кіші станция салу («Кеңсай», «Медеу», «Шымбулақ», «Жаңа», «Отрар», «Алатау», «ҚазМУ», «Отын», «Ерменсай», «Алтай», «Мамыр», «Жаңа-3А») «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Алматы қаласы «Самұрық-Энерго» АҚ 2009-2012 жылдар
22. Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Өңіраралық жоба «KEGOC» АҚ 2009-2016 жылдар
23. Екібастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Павлодар облысы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС 2010-2014 жылдар
24. № 3 ст. энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Павлодар облысы «Самұрық-Энерго» АҚ 2009-2013 жылдар
25. «Жетіген - Қорғас» темір жол желілерін салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 2009-2012 жылдар
26. «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісін салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Маңғыстау облысы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ 2009-2011 жылдар
27. Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Атырау облысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2009-2014 жылдар
28. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Маңғыстау облысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2010-2011 жылдар
29. Электровоздар жасауды ұйымдастыру «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Ақмола облысы «Бәйтерек-А» АҚ 2008-2011 жылдар
30. КБФ және күкірт қышқылы цехын салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Жамбыл облысы «Қазфосфат» ЖШС 2010-2012 жылдар
31. «Үшбас» және «Герес» кен орындары базасында моноаммоний және диаммонийфосфат шығару «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ОҚО «Қазақстандық минералдық ресурстар» тау-кен компаниясы» ЖШС 2009-2013 жылдар
32. «Таман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында Қазақстан Республикасында жүк вагондарын жасайтын қуаттар құру «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Павлодар облысы «Қамқор Менеджмент» ЖШС 2009-2011 жылдар
33. Шардара ГЭС-ін жаңғырту «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ОҚО «Самұрық-Энерго» АҚ 2011-2015 жылдар
34. Қазақстанның ҰЭЖ-не 500 кВ, 220 кВ кернеулі желілермен қоса отырып, Алма 500 кВ КС салу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «KEGOC» АҚ 2010-2014 жылдар
35. Мойнақ ГЭС-інің қуат беру схемасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Алматы облысы «KEGOC» АҚ 2011-2012 жылдар
36. Инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңын құру «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Алматы облысы «ОтесБиоАзия» ЖШС 2008-2010 жылдар
37. Инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы бордақылау алаңын құру «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ БҚО «Crown Батыс» ЖШС 2008-2010 жылдар
38. Мақтаның сортты тұқымдық материалын шығару зауытын салу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ОҚО «Қазақстан мақтасы» АҚ 2008-2010 жылдар
39. Құс фабрикасын қайта жаңарту «ҚазАгро» ұБХ» АҚ Қостанай облысы «АгроИнтерҚұс» ЖШС 2009-2011 жылдар
40. «Құнарлы өнімдер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасын салу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қарағанды облысы «Құнарлы өнімдер» ЖШС 2009-2011 жылдар
41. Ет өндіруге бағытталған өндірісті жаңғырту «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қостанай облысы «Комсомол құс фабрикасы» АҚ 2009-2011 жылдар
42. Қысқа кесілген макарон өнімдерін шығару цехын салу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қостанай облысы «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ 2009-2010 жылдар
43. Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Астана қаласы «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС 2010-2011 жылдар
44. Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру және алтын шығару фабрикасын салу Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «Васильков КБК» АҚ 2007-2010 жылдар
45. Ет өңдеу кешені Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «Астана агроөнім» ЖШС 2008-2010 жылдар
46. Бордақылау алаңын құру Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «Бауманское-07» ЖШС 2009-2010 жылдар
47. Бордақылау алаңын құру Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «Острогорское» ЖШС 2009-2010 жылдар
48. Цемент зауытын салу Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «BI-Cement» ЖШС 2007-2011 жылдар
49. 3,56 га жылыжайлар Ақмола облысының әкімдігі Ақмола облысы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС 2009-2010 жылдар
50. Қазақстан Республикасында медициналық техникалар өндірісін оқшауландыру Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «Ақтөберентген» АҚ 2009-2010 жылдар
51. Бестамақ ауылындағы мал шаруашылығы кешені Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «Париж коммунасы XXI» ЖШС 2008-2010 жылдар
52. Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 2006-2012 жылдар
53. 1100 мал басына арналған сүт-тауар фермасы Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «Айс» ЖШС 2009-2010 жылдар
54. № 2 мыс-мыс-мырыш рудасын өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «Актөбе мыс компаниясы» ЖШС 2008-2010 жылдар
55. «Юбилейное» кен орнында құрамында алтын бар руданы өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы және кеніш салу Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «Юбилейное» ЖШС 2009-2013 жылдар
56. Шилісай фосфоритті кен орнының базасында фосфоритті тыңайтқыштар шығару өндірісін ұйымдастыру Ақтөбе облысының әкімдігі Ақтөбе облысы «Темір Сервис ЛТД» ЖШС 2007-2011 жылдар
57. Дәрілік заттар өндіретін жаңа фармацевтикалық зауыт салу Алматы облысының әкімдігі Алматы облысы «Global New Life» ЖШС 2009-2011 жылдар
58. 3,65 га жылыжай салу Алматы облысының әкімдігі Алматы облысы «Green House - жасыл үй» ЖШС 2009-2010 жылдар
59. Қуаты 75 МВт болатын Атырау ЖЭО кеңейтудің IV кезегін салу Атырау облысының әкімдігі Атырау облысы «Атырау ЖЭО» АҚ 2006-2010 жылдар
60. «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту ШҚО әкімдігі ШҚО «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС 2010-2011 жылдар
61. «Құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытын салу ШҚО әкімдігі ШҚО «Қазақцемент» ЖШС 2006-2010 жылдар
62. Өскемен металлургия кешенінің мыс қорыту және электролиз зауыттарын салу, жылына 70 000 тонна мыс қорытпасы ШҚО әкімдігі ШҚО «Қазмырыш» АҚ 2006-2010 жылдар
63. «ӨТМК» акционерлік қоғамы базасында титан кесектерін және қорытпаларын өндіру зауыты ШҚО әкімдігі ШҚО «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ 2007-2010 жылдар
64. Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу ШҚО әкімдігі ШҚО «Азия Авто» АҚ» 2010-2015 жылдар
65. Былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту ШҚО әкімдігі ШҚО «Семей былғары-үлбір комбинаты» ЖШС 2007-2010 жылдар
66. «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамын жылына 20 мың тонна етке дейін кеңейту ШҚО әкімдігі ШҚО «Өскемен құс фабрикасы» АҚ 2009-2010 жылдар
67. Цемент зауытын салу Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысы «Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС 2009-2010 жылдар
68. Тараз металлургия зауытының ферроқорытпалар өндірісін кеңейту және жаңғырту Жамбыл облысының әкімдігі Жамбыл облысы «Тараз металлургия зауыты» ЖШС 2009-2010 жылдар
69. Орал газ-турбиналы электр станциясы (№ 1 турбоблогы) БҚО әкімдігі БҚО «Орал қаласында салынып жатқан газ-турбиналы электр станциясының дирекциясы» ЖШС 2009-2010 жылдар
70. «Құрғақ тәсілмен» цемент өндіретін № 5 технологиялық желіні іске қосу Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысы «Қарцемент» АҚ 2008-2012 жылдар
71. Қарағанды облысындағы Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысы «Сарыарқа» ӘКК 2007-2011 жылдар
72. 3 га жылыжай кешенін салу Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысы «Green Technology» ЖШС 2009-2010 жылдар
73. Темір рудасын өндіру және өңдеу Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысы «Bapy Mining» ЖШС 2007-2010 жылдар
74. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - Қарағанды құю-машина жасау зауытында қосалқы бөлшектер өндірісі және «ҚазБелАЗ» техникасын құрастыру Қарағанды облысының әкімдігі Қарағанды облысы «ҚазБелАЗ» БК» ЖШС 2009-2010 жылдар
75. Металл илектеу зауытын салу Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысы «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ 2008-2010 жылдар
76. Бордақылау алаңын салу (Әулиекел ауданының Тимофеевка ауылы) Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысы «Тимофеевка-Агро» ЖШС 2009-2011 жылдар
77. Ет өңдеу кешені Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысы «Қарасу-Ет» ЖШС 2009-2010 жылдар
78. Бордақылау алаңын салу Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысы «Қараман-К» ЖШС 2009-2010 жылдар
79. Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илектеу станын салу Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысы «ЕвразКаспианСталь» ЖШС 2010-2012 жылдар
80. 200 мал басына сүт-тауар фермасы Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысы «Садчиковское» ЖШС 2009-2010 жылдар
81. Ақшабұлақ кен орнында газ турбиналық электр станциясын салу Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы «Кристалл Менеджмент» ЖШС 2010-2011 жылдар
82. 600 мал басына арналған сүт тауар фермасы Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы «Рза» АҚ 2009-2010 жылдар
83. Құмкөл газ турбинасы станциясында 25 мВт бойынша қосымша 2 газ турбиналық құрылғылар салу Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысы «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ 2009-2010 жылдар
84. Диірмен кешенін, құрамажем зауытын қамтитын элеватор кешенін салу Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысы «Корпорация АПК-Инвест» ЖШС 2009-2010 жылдар
85. Теңіз операцияларын демеу базасын салу Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысы «Балықшы» ЖШС 2008-2010 жылдар
86. Ақтау қаласының әуежайында халықаралық жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын қайта жаңарту» Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысы Маңғыстау облысының әкімдігі 2008-2010 жылдар
87. Қуаты жылына 30 000 тонна болатын хлор және каустикалық соданы мембраналық әдіспен шығару өндірісін салу және ұйымдастыру (NaHO 100%) Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Каустик» АҚ 2009-2010 жылдар
88. Фармацевтика зауытын қайта жаңарту және салу Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС 2010-2012 жылдар
89. Медициналық зауытты қайта жаңарту және салу Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС 2010-2013 жылдар
90. Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауытының екінші кезегін салу Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ 2009-2010 жылдар
91. Нан-тоқаш өнімдерін шығару Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «ЭнергияКапитал-1» ЖШС 2008-2010 жылдар
92. Ақсу МАЭС № 2 блогын қалпына келтіру Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Еуразия энергетика корпорациясы» АҚ 2007-2010 жылдар
93. Екібастұз қаласында бағыт ауыстырғыштар өндірісін және темір жол доңғалақтарын өңдеуді ұйымдастыру Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы «Проммашкомплект» ЖШС 2009-2012 жылдар
94. Мақта-мата жібін тоқуды ұйымдастыру ОҚО әкімдігі ОҚО «Oxy-Textile» ЖШС 2008-2010 жылдар
95. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында тоқыма өнеркәсібін ұйымдастыру ОҚО әкімдігі ОҚО «ЮТЕКС KZ» АҚ 2007-2010 жылдар
96. Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы мен құрамында шикізат бар мақтадан техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру ОҚО әкімдігі ОҚО «Мақтаөнеркәсібі Целлюлоза» ЖШС 2008-2010 жылдар
97. Күрке тауық өсіру, сою және етін өңдеу бойынша құс кешені ОҚО әкімдігі ОҚО «Ордабасы Құс» ЖШС 2009-2010 жылдар
98. «Медеу-Шымбұлақ» тау-шаңғысы курортын кешенді дамыту Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Chimbulak Development» ЖШС 2008-2010 жылдар
99. Қатты дәрілік заттарды шығару өндірісін жаңғырту және жаңа өндірістерді құру жолымен қолданыстағы өндірісті кеңейту және жаңғырту Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Нобел Алматы Фармацевтік Фабрикасы» АҚ 2009-2010 жылдар
100. «GEGA» өндіріс-логистикалық орталығы Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Global Ecological Group Almaty» ЖШС 2007-2010 жылдар
101. «Абу Даби Плаза» көпфункцианалдық кешенін салу Алматы қаласының әкімдігі Алматы қаласы «Aldar Properties PJSC» ЖШС 2010-2014 жылдар
* жобаларды іске асыру мерзімі, оның ішінде іске асырылуы республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тәуелді жобалар бойынша, тиісті кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлеміне байланысты нақтыланатын болады  аббревиатураларды толық ашу:
АШМ                       - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы                              министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi