1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.09.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 Қаулысы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы (бұдан әрі - Индустрияландыру картасы);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалық топтар ай сайынғы негізде «Қазақстан Республикасында инвестициялық үрдістерді басқару» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) толтыруды қамтамасыз етсін және жобалардың іске асырылу барысы туралы есептерді есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне ұсынсын.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі апта мерзімде өңірлік Индустрияландыру карталарын бекітсін және жобалардың іске асырылу барысына мониорингті жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат және Индустрияландыру картасын өзекті ету жөнінде ұсыныстар берсін.
5. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесі базасында Ақпараттық жүйенің техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) Ақпараттық жүйені одан әрі дамытуды және ақпараттық, әдіснамалық, талдамалық және бағдарламалық толтырылуын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген
Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасы
Қазақстанды индустрияландырудың картасына өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.02.2011 № 80, 30.06.2011 № 743, 13.01.2012 № 46 Қаулыларымен. (14.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Р/с № | Жобаның атауы | Жауапты мемлекеттік орган немесе ұлттық холдинг | Өңір | Жобаға өтініш беруші | Іске асыру мерзімі* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Бозшакөл КБК салу | ИЖТМ | Павлодар облысы | «Каzаkhmуs Воzshаkоl» ЖШС | 2010-2014 жылдар |
2. | Ақтоғай КБК салу | ИЖТМ | ШҚО | «Каzаkhmуs Аktоgау» ЖШС | 2011-2014 жылдар |
3. | Металданған өнім өндіру зауытын салу | ИЖТМ | Қостанай облысы | «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ | 2011-2014 жылдар |
4. | Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары көміртекті феррохром өндірісін ұлғайту | ИЖТМ | Ақтөбе облысы | «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ | 2009-2013 жылдар |
5. | Өздігінен жүретін ESSIL KЗC-740 астық жинау комбайндарын және басқа ауыл шаруашылығы техникасын шығару | ИЖТМ | Қостанай облысы | «АгромашХолдинг» АҚ | 2003-2012 жылдар |
6. | «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының инфрақұрылымын салу | ИЖТМ | Алматы облысы | «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ | 2005-2018 жылдар |
6-1. | Ақбақай алтын шығару фабрикасын қайта жаңарту және жаңғырту | ИЖТМ | Жамбыл облысы | «АК Алтыналмас» АҚ | 2010 - 2011 жылдар |
6-2. | Ферроқорытпалар өндірісін және оның шикізаттық базасын, қуаттылығын жылына 300 мың тонна ферроқорытпаға жеткізе отырып, әртараптандыру және кеңейту | ИЖТМ | Жамбыл облысы | «Тараз металлургия зауыты» ЖШС | 2011 - 2014 жылдар |
6-3. | Алтын өндіру қуатын 1 тоннаға дейін ұлғайту | ИЖТМ | Павлодар облысы | «Төрт Құдық» КБК» АҚ | 2007 - 2010 жылдар |
6-4. | Болат өндірісін жылына 6 млн. тоннаға дейін өсіре отырып, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ны дамыту және жаңғырту | ИЖТМ | Қарағанды облысы | «Арселор Миттал Теміртау» АҚ | 2010 - 2015 жылдар |
6-5. | Электрмен болат балқытатын кешен салу | ИЖТМ | Маңғыстау облысы | «Ақтау құйма зауыты» ЖШС | 2011 - 2013 жылдар |
6-6. | Бақыршық кенорнында металлургиялық кешен салу және өнімділігі жылына 1,5 млн. тонна кен болатын жерасты кенішін игеру | ИЖТМ | ШҚО | «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС | 2011 - 2013 жылдар |
7. | Ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу | МГМ | Атырау облысы | «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС | 2010-2016 жылдар |
8. | «Бейнеу - Шымкент» газ құбырын салу | МГМ | Өңіраралық жоба | «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ | 2010-2019 жылдар |
9. | Ақмола облысындағы Нұра - Есіл арнасын қайта жаңарту | АШМ | Астана қаласы | АШМ Су ресурстары комитеті | 2010-2012 жылдар |
10. | «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін қайта жаңарту | ККМ | Өңіраралық жоба | ККМ | 2007-2013 жылдар |
11. | Ақмола облысының Бурабай ауданындағы «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының шекараларында туристік ойын-сауық кешенін салу | ТСМ | Ақмола облысы | «Tourism Borovoe City» ЖШС | 2009-2021 жылдар |
11-1. | «Кендірлі» курорттық демалыс аймағын дамыту | ТСМ | Маңғыстау облысы | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2010 - 2015 жылдар |
12. | Сырдария өзенінде тасқынға қарсы Көксарай қарсы реттеуішін салу | ТЖМ | ОҚО | ТЖМ | 2008-2011 жылдар |
13. | «KazSat» спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін жасау | ҰҒА | Астана қаласы | ҰҒА | 2006-2014 жылдар |
14. | «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ҒЗК құру | ҰҒА | Қызылорда облысы | ҰҒА | 2005-2017 жылдар |
15. | Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру | ҰҒА | Астана қаласы | ҰҒА | 2008-2013 жылдар |
16. | Қазақстан Республикасының Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін құру | ҰҒА | Астана қаласы | ҰҒА | 2006-2014 жылдар |
17. | «Химфарм» АҚ-ның өндірісін кеңейту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Өңіраралық жоба | «Химфарм» АҚ | 2009 - 2013 жылдар |
18. | Өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын қайта жаңарту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Ақмола облысы | «Қазатомөнөркәсіп-КҚЗ» БК» ЖШС | 2010-2013 жылдар |
19. | Мойнақ СЭС-ін салу | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы облысы | «Самұрық-Энерго» АҚ | 2006-2011 жылдар |
20. | Балқаш ЖЭС-ін салу | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы облысы | «Самұрық-Энерго» АҚ | 2010-2015 жылдар |
21. | Алматы қаласында және Алматы облысында 12 трансформаторлы кіші станция салу («Кеңсай», «Медеу», «Шымбулақ», «Жаңа», «Отрар», «Алатау», «ҚазМУ», «Отын», «Ерменсай», «Алтай», «Мамыр», «Жаңа-3А») | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы қаласы | «Самұрық-Энерго» АҚ | 2009-2012 жылдар |
22. | Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, II кезең | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Өңіраралық жоба | «KEGOC» АҚ | 2009-2016 жылдар |
23. | Екібастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жаңарту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Павлодар облысы | «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС | 2010-2014 жылдар |
24. | № 3 ст. энергия блогын орнатып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Павлодар облысы | «Самұрық-Энерго» АҚ | 2009-2013 жылдар |
25. | «Жетіген - Қорғас» темір жол желілерін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл) | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы облысы | «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ | 2009-2012 жылдар |
26. | «Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісін салу (1-ші іске қосу кешені - 2011 жыл; 2-ші іске қосу кешені - 2012 жыл) | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Маңғыстау облысы | «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | 2009 - 2012 жылдар |
27. | Атырау МӨЗ қайта жаңарту және жаңғырту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Атырау облысы | «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ | 2009-2014 жылдар |
28. | Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын шығару | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Маңғыстау облысы | «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ | 2010-2012 жылдар |
29. | Электровоздар жасауды ұйымдастыру | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Ақмола облысы | «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | 2011-2012 жылдар |
30. | Фосфоритті концентрат шығару үшін суспензиялық-флотациялық фабрика салу | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Жамбыл облысы | «Қазфосфат» ЖШС | 2010-2013 жылдар |
31. | «Үшбас» және «Герес» кен орындары базасында моноаммоний және диаммонийфосфат шығару | ОҚО әкімдігі | ОҚО | «Қазақстандық минералдық ресурстар» тау-кен компаниясы» ЖШС | 2009-2013 жылдар |
32. | Қазақстан Республикасында жүк вагондарын жасау жөніндегі қуаттар құру | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Павлодар облысы | «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС | 2009-2011 жылдар |
33. | Шардара ГЭС-ін жаңғырту | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | ОҚО | «Самұрық-Энерго» АҚ | 2011-2015 жылдар |
34. | Қазақстанның ҰЭЖ-не 500 кВ, 220 кВ кернеулі желілермен қоса отырып, Алма 500 кВ КС салу | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы облысы | «KEGOC» АҚ | 2010-2014 жылдар |
35. | Мойнақ ГЭС-інің қуат беру схемасы | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы облысы | «KEGOC» АҚ | 2011-2012 жылдар |
35-1. | Астана қаласында «Talgo» жолаушылар вагоны өндірісін ұйымдастыру | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Астана қаласы | «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | 2010 - 2011 жылдар |
35-2. | FTTH(Fіber to the Home) желілерін | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Өңіраралық жоба | «Қазақтелеком» АҚ | 2010- 2014 жылдар |
35-3. | КА2 РV қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдер өндірісін құру | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Алматы облысы, ШҚО және Астана қаласы | «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 2010- 2014 жылдар |
35-4. | Солтүстік Каспий Экологиялық Ден қою Базасы | «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ | Атырау облысы | «ТеңізСервис» ЖШС | 2011- 2012 жылдар |
36. | Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 743 Қаулысымен. | ||||
37. | Инфрақұрылымы дамыған қазіргі заманғы бордақылау алаңын құру | «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ | БҚО | «Crown Батыс» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
38. | Мақтаның сортты тұқымдық материалын шығару зауытын салу | «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ | ОҚО | «Қазақстан мақтасы» АҚ | 2008-2010 жылдар |
39. | Құс фабрикасын қайта жаңарту | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «АгроИнтерҚұс» ЖШС | 2009-2011 жылдар |
40. | «Құнарлы өнімдер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс фабрикасын салу | «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ | Қарағанды облысы | «Құнарлы өнімдер» ЖШС | 2009-2012 жылдар |
41. | Ет өндіруге бағытталған өндірісті жаңғырту | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Комсомол құс фабрикасы» АҚ | 2009-2011 жылдар |
42. | Қысқа кесілген макарон өнімдерін шығару цехын салу | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Қостанай диірмен комбинаты» АҚ | 2009-2010 жылдар |
43. | Жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру | «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ | Астана қаласы | «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС | 2010-2011 жылдар |
43-1. | Әрқайсысында 1010 басқа дейін ірі қара мал репродукторлары болатын екі асыл тұқымды шаруашылығы бар 5000 басқа дейін ірі қара малды бордақылау алаңын салу | «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ | Ақмола облысы | «KazBeef Ltd» ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
44. | Васильков алтын кен орнын одан әрі игеру және алтын шығару фабрикасын салу | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «Васильков КБК» АҚ | 2007-2010 жылдар |
45. | Ет өңдеу кешені | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «Астана агроөнім» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
46. | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.02.07 № 80 Қаулысымен. | ||||
47. | Бордақылау алаңын құру | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «Острогорское» ЖШС | 2009-2011 жылдар |
48. | Цемент зауытын салу | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «BI-Cement» ЖШС | 2007-2012 жылдар |
49. | 3,56 га жылыжайлар | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
49-1. | Бордақылау алаңы және ет комбинаты | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «SC Food» ЖШС | 2009 - 2011 жылдар |
49-2. | Бордақылау алаңы | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «Щучинский қалалық сүт зауыты» ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
49-3. | Сүт зауытын салу | Ақмола облысының әкімдігі | Ақмола облысы | «Родина» агрофирмасы ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
50. | Қазақстан Республикасында медициналық техникалар өндірісін оқшауландыру. 16 кесіндіге арналған компьютерлік томографтар | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Ақтөберентген» АҚ | 2009-2010 жылдар |
51. | Бестамақ ауылындағы мал шаруашылығы кешені | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Париж коммунасы XXI» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
52. | Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ | 2006-2012 жылдар |
53. | 1100 мал басына арналған сүт-тауар фермасы | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Айс» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
54. | № 2 мыс-мыс-мырыш рудасын өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Актөбе мыс компаниясы» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
55. | «Юбилейное» кен орнында құрамында алтын бар руданы өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы және кеніш салу | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Юбилейное» ЖШС | 2009-2013 жылдар |
56. | Шилісай кен орнының базасында фосфоритті ұн өндірісі | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Темір Сервис» ЖШС | 2007-2011 жылдар |
56-1. | Фосфорит кенінен күрделі минералдық тыңайтқыштар шығаратын химия комбинатын салу | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Chilisai Chemicals» ЖШС | 2011 - 2014 жылдар |
56-2. | Катодты мыс шағаратын және кен өңдеу кешенін салу | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «KazCopper» ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
56-3. | Дәрілік заттар шығару зауыты | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Велес Ақтөбе ЛТД» ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
56-4. | Жылыжай кешені | Ақтөбе облысының әкімдігі | Ақтөбе облысы | «Izet Greenhouse» ЖШС | 2009 - 2010 жылдар |
57. | Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 743 Қаулысымен. | ||||
58. | 3,65 га жылыжай салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «Green House - жасыл үй» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
58-1. | Инфузиялық ерітінділер үшін бір реттік системаларды өндіру зауытын салу, Енбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «Алтомед» ЖШС | 2008 - 2010 жылдар |
58-2. | Инфузиялық ерітінділер және басқа дәрілік заттар шығаратын фармацевтикалық зауыт салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «Парентерал Драгз Қазақстан» | 2010 - 2013 жылдар |
58-3. | Қапшағай қаласының «Арна» өндірістік аймағында жылыжай салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «Green Land Alatau» ЖШС | 2009 - 2012 жылдар |
58-4. | «ЭЛЕАС» фармацевтика зауытын салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «ЭЛЕАС» ПФК» ЖШС | 2010 - 2013 жылдар |
58-5. | Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттар шығаратын фармацевтика зауытын салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «Dolce» ЖШС | 2010 - 2013 жылдар |
58-6. | Алматы облысында Grоwіng Сіtу серіктес қаласын салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «04 Сіtу» ЖШС | 2013- 2031 жылдар |
58-7. | Фармацевтикалық зауыт салу | Алматы облысының әкімдігі | Алматы облысы | «Глобал Фарм» БКЖШС | 2012- 2014 жылдар |
59. | Қуаты 75 МВт болатын Атырау ЖЭО кеңейтудің IV кезегін салу | Атырау облысының әкімдігі | Атырау облысы | «Атырау ЖЭО» АҚ | 2006-2010 жылдар |
59-1. | Бір рет қолданылатын шприцтер шығару зауыты | Атырау облысының әкімдігі | Атырау облысы | «Брандо» ЖШС | 2009 - 2010 жылдар |
59-2. | Бір рет қолданылатын шприцтер шығару зауытын кеңейту | Атырау облысының әкімдігі | Атырау облысы | «Брандо» ЖШС | 2011 жыл |
59-3. | Иинфузиялық ерітінділерді құю үшін системалар және бір рет қолданылатын қолғаптар шығаратын зауыт | Атырау облысының әкімдігі | Атырау облысы | «Брандо» ЖШС | 2011 жыл |
60. | «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС | 2010-2012 жылдар |
61. | «Құрғақ тәсіл» бойынша цемент зауытын салу | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Қазақцемент» ЖШС | 2006-2012 жылдар |
61-1. | Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің көмірсутегі шикізатын терең тұрақтандыру және тазарту қондырғысы | БҚО әкімдігі | БҚО | «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы | 2010- 2011 жылдар |
62. | Өскемен металлургия кешенінің мыс қорыту және электролиз зауыттарын салу, жылына 70 000 тонна мыс қорытпасы | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Қазмырыш» АҚ | 2006-2010 жылдар |
63. | «ӨТМК» акционерлік қоғамы базасында титан кесектерін және қорытпаларын өндіру зауыты | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ | 2007-2010 жылдар |
64. | Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Азия Авто» АҚ» | 2010-2015 жылдар |
65. | Былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Семей былғары-үлбір комбинаты» ЖШС | 2007-2011 жылдар |
66. | «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамын жылына 20 мың тонна етке дейін кеңейту | ШҚО әкімдігі | ШҚО | «Өскемен құс фабрикасы» АҚ | 2009-2012 жылдар |
67. | Цемент зауытын салу | Жамбыл облысының әкімдігі | Жамбыл облысы | «Мыңарал Тас компаниясы» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
68. | Тараз металлургия зауытының ферроқорытпалар өндірісін кеңейту және жаңғырту | Жамбыл облысының әкімдігі | Жамбыл облысы | «Тараз металлургия зауыты» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
68-1. | Бір рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару | Жамбыл облысының әкімдігі | Жамбыл облысы | «Super Pharm» ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
69. | Орал газ-турбиналы электр станциясы | БҚО әкімдігі | БҚО | «Орал қаласында салынып жатқан газ-турбиналы электр станциясының дирекциясы» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
69-1. | Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінің көмірсутегі шикізатын терең тұрақтандыру және тазарту қондырғысы | БҚО әкімдігі | БҚО | "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В." қазақстандық филиалы | 2010- 2011 жылдар |
70. | «Құрғақ тәсілмен» цемент өндіретін № 5 технологиялық желіні іске қосу | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Қарцемент» АҚ | 2008-2014 жылдар |
71. | Қарағанды облысындағы Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Сарыарқа» ӘКК | 2007-2013 жылдар |
72. | 3 га жылыжай кешенін салу | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Green Technology» ЖШС | 2009-2011 жылдар |
73. | Темір рудасын өндіру және өңдеу | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Bapy Mining» ЖШС | 2007-2010 жылдар |
74. | «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - Қарағанды құю-машина жасау зауытында қосалқы бөлшектер өндірісі және «ҚазБелАЗ» техникасын құрастыру | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «ҚазБелАЗ» БК» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
74-1. | Қарағанды фармацевтикалық кешенінің үшінші кезегін салу | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС | 2010 - 2012 жылдар |
74-2. | «Көктасжал» кен орны базасындағы тау-кен кешенін кеңейту | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Алтай полиметалдар» ЖШС | 2011 - 2014 жылдар |
74-3. | Тазартылған мыс өндіретін зауыт салу | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Сары Қазына» ЖШС | 2010 - 2011 жылдар |
74-4. | Репродуктор және бордақылау алаңын құру | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Астро-АГРО» ЖШС | 2010 - 2012 жылдар |
74-5. | Астықты терең қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру | Қарағанды облысының әкімдігі | Қарағанды облысы | «Номад» ЖШС | 2010 - 2014 жылдар |
75. | Металл илектеу зауытын салу | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ | 2008-2010 жылдар |
76. | Бордақылау алаңын салу (Әулиекел ауданының Тимофеевка ауылы) | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Тимофеевка-Агро» ЖШС | 2009-2012 жылдар |
77. | Ет өңдеу кешені | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Қарасу-Ет» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
78. | Бордақылау алаңын салу | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Қараман-К» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
79. | Қостанай қаласында ұсақ сұрыпты илектеу станын салу | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «ЕвразКаспианСталь» ЖШС | 2010-2013 жылдар |
80. | 200 мал басына сүт-тауар фермасы | Қостанай облысының әкімдігі | Қостанай облысы | «Садчиковское» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
81. | Ақшабұлақ кен орнында газ турбиналық электр станциясын салу | Қызылорда облысының әкімдігі | Қызылорда облысы | «Кристалл Менеджмент» ЖШС | 2010-2011 жылдар |
82. | 600 мал басына арналған сүт тауар фермасы | Қызылорда облысының әкімдігі | Қызылорда облысы | «Рза» АҚ | 2009-2010 жылдар |
83. | Құмкөл газ турбинасы станциясында 25 мВт бойынша қосымша 2 газ турбиналық құрылғылар салу | Қызылорда облысының әкімдігі | Қызылорда облысы | «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ | 2009-2010 жылдар |
84. | Диірмен кешенін, құрамажем зауытын қамтитын элеватор кешенін салу | Маңғыстау облысының әкімдігі | Маңғыстау облысы | «Корпорация АПК-Инвест» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
85. | Теңіз операцияларын демеу базасын салу | Маңғыстау облысының әкімдігі | Маңғыстау облысы | «Балықшы» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
86. | Ақтау қаласының әуежайында халықаралық жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын қайта жаңарту» | Маңғыстау облысының әкімдігі | Маңғыстау облысы | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2008-2010 жылдар |
86-1. | Сұйық дәрілік нысандарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын фармацевтикалық кешен | Маңғыстау облысының әкімдігі | Маңғыстау облысы | «Медикал фарм Ча-Кур» ЖШС | 2008-2012 жылдар |
87. | Қуаты жылына 30 000 тонна болатын хлор және каустикалық соданы мембраналық әдіспен шығару өндірісін салу және ұйымдастыру (NaHO 100%) | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Каустик» АҚ | 2009-2010 жылдар |
88. | Фармацевтика зауытын қайта жаңарту және салу | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС | 2010-2012 жылдар |
89. | Медициналық зауытты қайта жаңарту және салу | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС | 2010-2013 жылдар |
90. | Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауытының екінші кезегін салу | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ | 2009-2010 жылдар |
91. | Нан-тоқаш өнімдерін шығару | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «ЭнергияКапитал-1» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
92. | Ақсу МАЭС № 2 блогын қалпына келтіру | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Еуразия энергетика корпорациясы» АҚ | 2007-2010 жылдар |
93. | Екібастұз қаласында бағыт ауыстырғыштар өндірісін және темір жол доңғалақтарын өңдеуді ұйымдастыру | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Проммашкомплект» ЖШС | 2009-2012 жылдар |
93-1. | Күйдірілген анод өндірісі | Павлодар облысының әкімдігі | Павлодар облысы | «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ | 2008 - 2012 жылдар |
94. | Мақта-мата жібін тоқуды ұйымдастыру | ОҚО әкімдігі | ОҚО | «Oxy-Textile» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
95. | «Оңтүстік» арнайы экономикалық аумағында тоқыма өнеркәсібін ұйымдастыру | ОҚО әкімдігі | ОҚО | «ЮТЕКС KZ» АҚ | 2007-2012 жылдар |
96. | Гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы мен құрамында шикізат бар мақтадан техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру | ОҚО әкімдігі | ОҚО | «Мақтаөнеркәсібі Целлюлоза» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
97. | Күрке тауық өсіру, сою және етін өңдеу бойынша құс кешені | ОҚО әкімдігі | ОҚО | «Ордабасы Құс» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
98. | «Медеу-Шымбұлақ» тау-шаңғысы курортын кешенді дамыту | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Chimbulak Development» ЖШС | 2008-2010 жылдар |
99. | Қатты дәрілік заттарды шығару өндірісін жаңғырту және жаңа өндірістерді құру жолымен қолданыстағы өндірісті кеңейту және жаңғырту | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Нобел Алматы Фармацевтік Фабрикасы» АҚ | 2009-2010 жылдар |
100. | «GEGA» өндіріс-логистикалық орталығы | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Global Ecological Group Almaty» ЖШС | 2007-2012 жылдар |
100-1. | Гемодиализ үшін қоюлатылған ерітінді шығару | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «BIRUNIFARM» ЖШС | 2009-2010 жылдар |
100-2. | «DOSFARM» ЖШС-нің жұмыс істеп тұрған дәрілік заттар өндірісін жаңғырту | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «DOSFARM» ЖШС | 2010 - 2012 жылдар |
100-3. | Тактикалық буынның (УҚТ және ҚТ белдеулерінің) радиобайланыс құралдарының өндірісін құру | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Талес Қазақстан Инжиниринг» БК» ЖШС | 2010 жыл |
100-4. | Полимерлерден бір реттік медициналық бұйымдар шығаратын медициналық зауыт салу | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Жұлдыз Кенан» ЖШС | 2010-2013 жылдар |
100-5. | Медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Алмерек» ЖШС | 2011 жыл |
100-6. | Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісінің бірінші кезегін салу | Алматы қаласының әкімдігі | Алматы қаласы | «Метрополитен» КМК | 1988-2011 жылдар |
101. | «Абу Даби Плаза» көпфункцианалдық кешенін салу | Астана қаласының әкімдігі | Астана қаласы | «Aldar Properties PJSC» ЖШС | 2010-2014 жылдар |
102 | Бетон, темір-бетон бұйымдары мен құрастырмаларын шығаратын зауыт | Астана қаласының әкімдігі | Астана қаласы | «АБК Мақсат» ЖШС | 2005 - 2010 жылдар |
* жобаларды іске асыру мерзімі, оның ішінде іске асырылуы республикалық бюджеттен бөлінетін қаражатқа тәуелді жобалар бойынша, тиісті кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлеміне байланысты нақтыланатын болады аббревиатураларды толық ашу:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Полная версия