1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 322 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "квотаны белгiлеудiң және жұмыс берушiлерге рұқсат берудiң ережесi" деген сөздер "квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсаттар беру шарттары мен тәртiбi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттары мен тәртiбi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 322 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеудiң және бөлудiң тәртiбiн, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртiбiн белгілейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар:
1) шетелдiк жұмыс күшi - республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгілейтiн, республиканың экономикалық белсендi халқының санына пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінiң үлесi;
3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
4) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) - уәкілеттi орган жұмыс берушiге беретiн, орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде Қазақстан Республикасына тарту үшін шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат;
5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестірушi мемлекеттік орган;
6) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары.
3. Осы Ереженiң күшi:
Полная версия