"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы
Осы редакция 21.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған:
2) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
2) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;
Полная версия