Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 20 қаңтар N 55
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 23, 288-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат беру шарттары мен тәртiбi осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнің
 2003 жылғы 20 қаңтардағы
 N 55 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2001 жылғы 9 маусымдағы
 N 836 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат беру шарттары мен тәртібi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Pecпубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Халықты жұмыспен қамту туралы ", 1997 жылғы 13 желтоқсандағы " Халықтың көшi-қоны туралы " Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу ережесiн және жұмыс берушілерге рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: 
1) шетелдiк жұмыс күшi - республика аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс беруші жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар; 
2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгілейтiн республиканың экономикалық белсендi халқының санын пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінің үлесi; 
3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын жеке немесе заңды тұлға; 
4) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) - орталық атқарушы орган жұмыс берушiге беретін, Қазақстан Республикасына квота шегінде тарту үшiн шетелдiк жұмыс күшінің санын анықтайтын белгiленген нысандағы құжат; 
5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестіретiн мемлекеттiк орган; 
6) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi орган - аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудi және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн жергіліктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрі - уәкілеттi орган).
1) шетелдік заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдiктерiнің бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн; 
Полная версия
ИС BestProfi