Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1168 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесінде, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19-1. Жұмыс берушілер мынадай шарттарды сақтаған жағдайда уәкілетті орган оларға рұқсат беруді жүргізеді:
1) тартылған және тартылатын бірінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:
2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ынан;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан аспауға тиіс;
2) тартылған және тартылатын екінші және үшінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:
2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап екінші және үшінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 10 %-ынан аспауға тиіс.
Жұмыс беруші кадрлардағы казақстандық қамтудың есебі туралы ақпаратты уәкілетті органға осы Қағидаға 6-1-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.
1) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген кезге дейін;
2) Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушыларына, сондай-ақ олардың операторларына, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарына (қосалқы мердігерлердің өздері тартатын ұйымдардан басқа) 2015 жылғы 1 қаңтарда дейін, олардың көрсетілген жобаларға қатысатынын растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда қолданылмайды.»;
10) тармақшадағы «есебі ұсынылады.» деген сөздер «есебі;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары, сондай-ақ олардың операторлары, мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдары мынадай растаушы құжаттардың бірін:
салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, қызметтер көрсету шартының көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.»;
9) тармақшадағы «талап етілмейді.» деген сөздер «талап етілмейді;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қарашығанақ, Солтүстік Каспий, Теңіз жобаларының жер қойнауын пайдаланушылары мынадай растаушы құжаттардың бірін:
салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
салыстырып тексеру үшін міндетті түрде түпнұсқасын көрсете отырып, қызметтер көрсету шартының көшірмесін (үзінді көшірмесін) не осы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi