Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.08.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 71 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 15 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 11.08.2018 жылғы № 502 Қаулысына сәйкес
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
3-тармақта:
3) тармақшаның екінші абзацы «растаған» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшаның екінші абзацы «13)» және «16-2)» деген сандардан кейін тиісінше «, 13-1)» және «, 16-3)» деген сандармен толықтырылсын;
4-тармақ «негіздемесін» деген сөзден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші санат – жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы ұқсас лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды, олардың орынбасарларын, қаржы және техникалық директорларды, сондай-ақ бас инженерлерді, конструкторларды, технологтарды, энергетиктерді, металлургтерді, сәулетшілерді, геологтарды, геофизиктерді тартуға;»;
10-тармақтың 4) тармақшасындағы, 12-тармақтың 6) тармақшасындағы, 18-тармақтағы «халықаралық шарттарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдар тартатын шетелдік қызметкерлерді, оның ішінде технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау жөніндегі жұмыстарды атқаратын мердігерлерді;»;
17-тармақ «нәтижелері бойынша» деген сөздерден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Жұмыс берушілер мынадай шарттарды сақтаған жағдайда уәкілетті орган оларға рұқсат беруді жүргізеді:
1) тартылған және тартылатын бірінші санаттағы шетелдік мамандардың жалпы саны:
2011 жылғы 1 шілдеден бастап 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ынан;
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бірінші санатқа жататын қызметкерлердің жалпы санының 30 %-ынан аспауға тиіс;
Полная версия