Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2007
Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Төрағасының 1999 жылғы 20 көкектегі N 30 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 1 маусымда тіркелді. Тіркеу N 782.
ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 20 сәуірдегі № 30 Қаулысының күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 175 Қаулысымен.(мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 27.08.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 01 көкекте 721 нөмiрмен тiркелген Аттестациялық қағидаларға сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
1. Мынадай нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгізiлсiн: 
1)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
 Тармақшаның күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысымен.(Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз)
2)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
 Тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 323 қаулысымен.
3)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
 Тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысымен.
4)-5)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
 Тармақшалардың күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысымен.(Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз)
7)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
 Тармақшаның күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 373 қаулысымен.(Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз)
8) Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19  қаулысымен  бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларына: 
16-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк қызметтi жүзеге асыру" деген сөздер "бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөнiндегi жұмыстарды орындауға рұқсат ету" деген сөздермен ауыстырылсын;  
9)   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
 Тармақша алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 317 қаулысымен.
2. Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы: 
1) осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің назарына жеткізсін; 
`     2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Полная версия
ИС BestProfi