Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2013
Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4580 болып енгізілді.
Қаулының атауы өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 31.01.2011 жылғы № 8 Қаулысымен (01.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.02.2011 жылы тіркелді Осы Қаулы күшін жойды 16.09.2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 жылғы № 137 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.01.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу мен оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы N 465 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2103 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде N 2103 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіз санатына жатқыза отырып, провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 16 қарашадағы N 465 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 қыркүйектегі N 327 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2525 тіркелген).
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 31.01.2011 № 8 қаулысымен (01.01.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi)
4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді.
5. Банктерді қадағалау департаменті (Раева Р.Е.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
6. Ақпарат технологиясы басқармасы (Бейсенбаев А.Ж.) 2007 жылғы 1-наурызға дейінгі мерзімде "Статистика" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені Ережеге сәйкес жетілдіруін қамтамасыз етсін.
7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға Келісілді: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Министр 2007 жылғы 11 наурызда
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 296 қаулысымен бекітілді
Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесі
Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және екінші деңгейдегі банктер, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктер) міндетті сақтауына қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін және шарттарын белгілейді.
кіріспе өзгертілді ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 07.07.2009. № 140 Қаулысымен (10.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
Полная версия