1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.04.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 686 Қаулысы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Күзет қызметін лицензиялау ережесі;
2) Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
3) күзет қызметін жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары;
4) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 48, 461-құжат);
2) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі N 407 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі N 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 411 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 224-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы N 686 қаулысымен бекітілген
Күзет қызметін лицензиялау ережесі
1. Күзет қызметін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруына лицензиялар берудің тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру жөніндегі уәкілетті орталық атқарушы орган болып табылады.
Лицензиар заңнамаға және Ережеге сәйкес өзінің аумақтық органдарына күзет қызметін лицензиялау жөніндегі өкілеттіктерді беруге құқылы.
Полная версия