Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір N 407
Осы редакция 10.08.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы  Заңын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:  
1) Мемлекеттiк органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;  
2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекiтiлсiн.  
2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелерiндегi, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерiндегi күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орталықтары белгiленсiн.  
3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi санының нормативi: 
бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі; 
он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi; 
сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып  
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2002 жылғы 5 сәуiрдегi
 N 407 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық  
  күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары  
  мен арнаулы техникалық құралдардың  
  ТIЗБЕСI  
Полная версия
ИС BestProfi