Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367 және 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 371 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы N 637 Қаулысы       
Редакция 23.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі N 367  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 17, 203-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде: 
"Зергерлік бұйымдар, шеберлердің алтын мен күмістен жасаған бұйымдары және басқа бұйымдар" деген 20-бөлім алынып тасталсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысымен (28.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi