1. Қоса берiлiп отырған Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 02.03.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген тәртiппен есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлiгi жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн қосалқы бөлшектердiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексiнiң (Салық кодексi) 250-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысымен бекiтiлген
Тізбе 187-1-жолдармен толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.07.2003. № 720 қаулысымен, тізбе жаңа редакцияда - 12.02.2004. № 170 қаулысымен, өзгертілді - 20.04.2004. № 437, 20.12.2004. № 1334, 22.02.2005. № 162 қаулыларымен. (19.03.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын жабдықтың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістік мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тізбесі
____________________________________________________________________
Р/с| Атауы | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН N | | бойынша
| | тауардың коды
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 ____________________________________________________________________
1 Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 20.12.2004. № 1334 қаулысымен. (20.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2 Азаматтық авиация үшiн мөлшерi бойынша 4008 29 100 0 кесiлген пішіндi кескiндер
3 Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 20.12.2004. № 1334 қаулысымен. (20.04.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
4 Вулканизацияланған резеңкеден жасалған 4010 конвейер ленталары немесе қозғалтқыш белдiктер немесе бельтинг
5 Резинатехникалық бұйымдар, резеңкемен 4016 93 100 0-ден қапталған* манжеттер
Полная версия