Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 720 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен еске алу әдісімен төленетін импортталған жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістік мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын жабдықтардың, ауыл шаруашылығы техникасының, автомобиль көлігі жылжымалы жүк құрамының, сондай-ақ жеке өндірістік мұқтаждар үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 187-1 жолдармен толықтырылсын: 
"187-1 Азаматтық тікұшақтар және ұшақтар 8802 11 100-ден 
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi