Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 05.06.2016
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 Қаулы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 қаңтарда N 662 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 5 маусымнан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 жылғы № 91 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының аумағында чектердi қолдану ережесi бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп осы қаулыны және бекiтiлген Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
2) осы қаулыны және тiркелген Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберсiн, оларға осы қаулыны және аталған Ереженi екiншi деңгейдегi банктерге жiберудi мiндеттесiн.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 01.07.2011 № 65 Қаулысымен (20.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. Бухгалтерлік есеп департаментi (Рахметова С.К.) Банктік қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ.) және Заң департаментiмен (Сизова С.И.) бiрлесiп ұсынылған Ережеге сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1994 жылғы 16 желтоқсандағы N 25 хаттама) Қазақстан Республикасының банктерiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар жобасын дайындап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қарауына ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесі күшіне енген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1994 жылғы 15 қарашадағы мәжілістің N 22 хаттамасы) Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу туралы ереженің;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен (1994 жылғы 15 қарашадағы мәжілістің N 22 хаттамасы) Чектер клирингін жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Клиринг палатасы туралы ереженің;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 22 қаңтардағы N 16 қаулысымен бекітілген Кепілдік берілген чектермен есеп айырысу туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдуллинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 266 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ереже чектердi пайдалану туралы шартты жасау тәртiбiн және оның мiндеттi талаптарын айқындайды, чектердi және чек кiтапшасын беру және пайдалану рәсiмiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында чектердi пайдалана отырып төлемдердi жүзеге асырудың ерекшелiктерiн реттейдi.
Полная версия

